воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-1oC
×

Гүлшара Әбдіқалықова: «Халыққа арзан бағада жәрмеңке ұйымдастырыңыздар»

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орынбасары Бақыт Жақановтың есебін тыңдап, жаңадан қызметке келген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаевқа нақты тапсырма берді.

Кездесу барысында облыс әкіміне Бақыт Жаханов аймақта нақты егілген егіс көлемі мен жағдайы, әртараптандыру бағытында атқарылған жұмыстар мен ерте егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, күзгі егін жинау жұмыстарына қатысатын ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы мен жанар-жағар маймен қамтамасыз етілуі туралы баяндады.

«Уақыт жақындап қалды. Егін жинау жұмыстарын 15 қазаннан кешіктірмей толық аяқтау қажет. Көкөніс, бақша өнімдерінің көлеміне қарай халыққа арзан бағада жәрмеңке ұйымдастырыңыздар. Баға базар нарығынан төмен бағада болуы керек. Осыған жете мән беріңіздер!», — деді әкім.

Айта кетейік, биыл барлығы 184,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл — күрiштің көлемі 89,5 мың гектарды құрады. Ал, ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық егіліп отыр. Өңірде егін жинау және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 12,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бүгінде белгіленген операторлар арқылы шілде және тамыз айларына қаралған 5,2 мың тонна дизель отынының 5,1 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, әр литрі 165 теңгеден шаруашылықтарға жеткізіліп берілуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0