воскресенье, 28 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Primaries 2020: Гүлшара Әбдіқалықова саяси доданың қатысушыларымен кездесті

Қызылорда облыстық партия филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова партияішілік іріктеуге қатысушыларымен кездесіп, өткен праймериз нәтижелері, үгіт-насихат жұмысы барысында көтерілген өзекті мәселелер турасында сөз қозғап, саяси доданың қатысушыларына алғыс хат табыстады.

Қызылорда облысы бойынша праймеризге 501 кандидат тіркелген. Дауыс беру кезеңіне 485 адам жетті. Үміткерлердің 32 пайызы әйелдер болса, 28 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. Кандидаттардың үгіт-насихат жұмысы кезінде 85 дебат ұйымдастырылған. 32 мыңнан астам партия мүшелерін қамытаған 2 мыңға жуық кездесулер өткізіліп, 1 мыңнан астам ұсыныстар жинақталған.

«Жария түрдегі партияішілік іріктеу еліміз үшін соны саяси жаңалық болды. Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партия жұмысын «жүйелі жаңғырту» аясында ұйымдастырылған бұл бастама ел сұранысын қанағаттандырды десек болады. Праймериз бізге елдің қолдауы мен сеніміне ие болған үздіктерді іріктеумен қатар, партияластарымызды бір-бірімен тығыз байланыстырып, бірлігін бекемдеуге де септігін тигізді. Мұны праймериз барысында үміткерлердің бір-бірін қолдауынан көрдік. Праймеризде жеңген мен жеңілген болған жоқ. Алғаш рет өткізіліп отырған саяси шараға қатысушылардың барлығы үлкен батылдықтарын көрсетті. Әсіресе жастарымыз мол тәжірибе жинақтады. Көздеген мақсатына жетпеген үміткерлер партиялық кадрлық резервке енгізу арқылы түрлі кеңестер мен комиссиялар жұмыстарына қатыстырылады. Бұл өз кезегінде партия қатарына жаңадан келген әріптестеріміз бен жастарға келесі праймеризге дейін тәжірибе жинақтауға да септігін тигізетін болады деп есептеймін», — деді үміткерлерге жылы лебізін білдіру барысында Гүлшара Әбдіқалықова.

Жиын барысында праймериз қатысушылары да сөз алып, өз пікірлерімен бөлісті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0