пятница, 10 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Гүлшара Әбдіқалықова: COVID-19 инфекциясының екінші толқынынан сақтану мақсатында дайындық жұмыстары күшейтілді

Бүгінде Қызылорда облысында індетпен күресу мақсатында 3200 төсек орнын дайындауға мүмкіндігі бар 21 инфекциялық стационар қамтылып отыр. Аймақта 3 600 медицина қызметкерінен құралған кадрлық резерв жасақталды. Сонымен қатар, үй жағдайында амбулаториялық көмек көрсететін 138 медициналық топ құрылып, санитарлық талаптарды бақылайтын 24 мониторингтік топ жұмыс істеп келеді. Облыстағы медицина мамандарына арнап 44 санитарлық автокөлік табысталды.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Бұл туралы өңір басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы» тақырыбындағы пресс-конференциясы барысында мәлімдеді.

«Індетпен күресу мақсатында өкпені жасанды желдету аппаратының (ИВЛ) санын 244-ке арттырдық. Оған қоса 682 оттегі концентраторы, 9 ПТР және 60 рентген аппараты қарастырылған. Өңірде екі айға жететін дәрілік заттар қоры жасақталды. Осы орайда тұрақтандыру қоры арқылы дәрі-дәрмек  алуға 488 млн теңге қаржы бөлінді», — деді облыс әкімі.

Гүлшара Наушақызы таяуда 200 орындық жаңа модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталатынын жеткізді. Сондай-ақ, көпбейінді облыстық ауруханада демеушілердің қолдауымен оттегі станциясы іске қосылды. Қазалыдағы ауданаралық ауруханада да бұл станцияның құрылысы аяқталуға жақын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0