понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Павлодарда жер мәселелері бойынша облыстық қоғамдық кеңестің екінші отырысы өтті

Павлодарда жер мәселелері бойынша өткен облыстық қоғамдық кеңестің екінші отырысында  облыс әкімі Болат Бақауов кеңестің мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, жер  реформасы бойынша республикалық комиссияның құрамына Павлодар облысынан Шарбақты ауданының «Победа» ЖШС–нің төрағасы Александр Поляков кірді. Сонымен қатар, облыстық комиссияның құрамында Ертіс ауданынан шаруа қожалықтардың жетекшісі «Галицкое» ЖШС-нің басшысы Сайлау Оразбаев, «Галицкое» ЖШС-ның жетекшісі Александр Касицин, Павлодар ауданынан «Андас» ШҚ-ың басшысы Зейнолла Салменбаев және басқа да ірі шаруа қожалықтардың басшылары бар.

«Комиссия әр сенбі сайын жұмыс істейді. Облыс қалалары мен аудандарында  жер мәселелерін түсіндіру бойынша Сall-орталықтары жұмыс істейді. Жер реформасының басты мақсаты - жерде жұмыс істейтін азаматтарды тиімді жағдаймен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерді дұрыс пайдаланбау болып табылады.  Облыс қалалары мен аудандарында жергілікті пайдаланушыларға ықпал ету мақсатында  ауыл шаруашылық  мақсаттағы қолданылмаған жерлерге салық көлемін арттырдық. Ертіс ауданының өзінде   70 мың гектар құнарлы жер өңделмей жатыр», — деді Б.Бақауов.

Өз кезегінде жер бойынша облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, бұрынғы мәжілісмен Тито Сыздықов экс-мәжілісмен Серікбай Әлібаевқа жер алуға кеңес берді.

«Егер де жер жеке меншік иелігінде болса, оны банкке кепілдікке салып, сол үшін «Сыбаға»  бағдарламасы бойынша мал алуға болады. Қазіргі таңда менің жасым 68-де. Мен Май ауданында жерді жалға  алғанмын. Қазірде сол жерде мал  өсіріп отырмыз және отбасым толығымен азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Қалай жұмыс істеу қажет екенін  түсіндірейін»,  — деді Т.Сыздықов.

Айта кетерлігі, бір жұманың ішінде жер қатынастары бойынша қосылған call-center-ге Қазақстанның түрлі аймағынан 700-ден аса ұсыныс түскен.  Өткен жұмада ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі жанынан жер ресурстарын басқару комитеті құрылған болатын. Мұнда бұрын Ұлттық экономика министрлігінде  қызмет еткен 47 адам жұмыс істейді.   21 мамыр күні өтетін комиссияның кезекті отырысында барлық түскен сұрақтар мен ұсыныстар бойынша қорытынды шығарылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0