Павлодарда «Мәңгілік ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктанттың нәтижесінде бес мыңнан аса адам «бестік» баға алған, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Оразгелді Қайыргелдиновтың айтуынша, биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жалпықазақстандық диктантты өткізуге өңірде 21 кітапхана, 42 мектеп, ПМПИ, С. Торайғыров атындағы ПМУ және «Қоғамдық келісім» сынды мекемелер атсалысқан.
«Павлодар облысы бойынша қатысушылардың жалпы саны 18659 адамды құраған. Оның 193-і - этномәдени бірлестіктердің мүшелері, 166-сы - қоғамдық қайраткерлер, 991-і - мемлекеттік қызметкерлер, 863-і - колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттері, 15230-сы мектеп оқушылары және 1216 басқа қатысушылар сауаттылық деңгейін тексерді. Жастарға үлгі болып, жоғары нәтиже көрсеткендердің қатарында Бұқар жырау атындағы әбедиет және өнер мұражайының қор сақтаушысы Әлия Медбекова, «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшесі Қаршыға Шаяхметов және фин-ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Ольга Николашина бар», — деді медиа қаматамасыз ету бөлімінің басшысы М. Айтпаев.
Диктанттың қорытындысы бойынша, 5221 адам – «өте жақсы», 7947 адам – «жақсы», 5070 адам «қанағаттанарлық» деген баға алса, 421 қатысушының жұмысы «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланды.
Еске сала кетейік, Павлодарда қоғамның белсенді мүшелері қазақ тілінде жаппай ұлттық жатжазу өткізу идеясын ұсынған. Бұған дейін ресми тілде өткен жаппай жатжазудың курс бағдарламасы орталық сараптамалық топ пен Новосібір мемлекеттік университеті ұстаздарының ұсынысы бойынша әзірленген. Жаппай жатжазу 16-сәуір күні Ресей мен әлемнің 500 қаласында өтіп, оған 100 мыңнан астам адам қатысқан. Өз сауаттылығын тексеруге кем дегенде 500 павлодарлық бақ сынады. Жатжазудың мәтінін акция үшін белгілі ресейлік жазушылар құрастырады. Павлодар алғаш рет жобаға 2014 жылы қатысып, шетелдік көшбасшы мемлекеттердің қатарына енген. Ал, 2015 жылы Қазақстанда көшбасшы атанған.
Айта кетерлігі, жаппай жатжазу – бұл халықаралық білім беру акциясы. Жылына бір рет сәуір айында өз ниетімен келген әрбір қатысушы арнайы алаңға келіп, жатжазу жазады. 2015 жылы акцияға 108200 адам қатысқан. Оның 549-ы - әлем елдерінің 58 қаласынан. Жаппай жатжазуға қатысу тегін және жасырын түрде ұйымдастырылады. Қазақстанда жатжазу алғаш рет Павлодар қаласында өткізілген. Павлодардағы үйлестіруші ПМПИ-дің ардагері, славян орталығының қызметкері Наталья Колодина, ал сараптамалық комиссия төрағасы – ПМПИ-дің орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ольга Андрющенко.