суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Павлодарда дағдарыс орталығына келетін әйелдердің саны екі есеге артқан

Павлодарда «Ана үйі» дағдарыс орталығына қиын сәтте пана іздеп келетін әйелдердің саны екі есеге көбейген, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Мекеменің  үйлестірушісі Әсел Әбішеваның айтуынша,  биылғы жылдың тамыз айында орталықтың ашылғанына екі жыл толады. Осы уақыттың ішінде мұнда 42 әйел тұрған. Өткен жылы баласын жетектеген сегіз ана және аяғы ауыр екі келіншек пана іздеп келсе, биыл олардың саны 18-ге дейін өскен. Қазір орталықта 15 әйел баласымен тұрады.  Сондай-ақ, бала күтіп отырған екіқабат үш әйел бар.  Мамыр айында орталыққа жаңа туған бөбектері бар бес ана қабылданған.

«Ана үйі» әлеуметтік жобасының мақсаты - түсік тастауға жол бермеу, жетімдердің санын азайту және бала мен ана арасындағы байланысты нығайту. Дағадрыс орталығына тап болған әйелдерге ең бастысы, психологиялық көмек пен қолдау керек. Олар алдымен ережелермен танысып, келісімшарт жасалады. Бұдан кейін бірнеше медициналық  мекемеден анықтама талап етіледі. Бүгінгі таңда мұнда медбике мен психолог жұмыс істейді.  Бізге көмекке жүгінетін әйелдердің көбі басынан түрлі ауыр жағдайларды өткерген. Тіпті, олардың ішінде 16 жастағы қыз да болды. Жүктіліктің үшінші айында болған өрімдей жас қыздың анасы  екіқабат екенін білген соң, үйіне кірбізгей қойған. Біз  бойжеткеннің анасымен сөйлесіп, барлығын түсіндірдік.  Бірнеше айдан  өткен соң, ашуын жеңе білген ана қызын үйіне алып кетті. Орталықта жүрген әйелдер бос отырмайды. Оларды іс тігуге, тамақ дайындауға үйретеміз. Әйелдердің төртеуі іс тігу машинасында жұмыс істеуді жетік меңгерген. Алдағы уақытта жобаға мұрындық болған «BI Grоup» холдингінің төрағасы Айдын Рахымбаевтан құрылыс жұмысшыларына қысқы киім тігуге тапсырыс алуды жоспарлап отырмыз.  Ережеге сәйкес, мұнда 1,5 жыл ғана тұруға рұқсат беріледі. Сондықтан  кейбір әйелдер   күйеулерімен татуласса, енді бірі қайтадан күйеуге шығады. Ал, қалғандары бірігіп, пәтер жалдайды», — дейді Әсел Әбішева.

Республика бойынша  қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған дағдарыс  орталықтарының саны - 26. Бұл мекемеде жасы 18-34 аралығындағы әйелдер тұрады.

Айта кетерлігі, желтоқсан айында дағдарыс орталығы екінші Павлодардағы бір қабатты ғимараттан, Катаев көшесі, 76 мекенжайындағы екі қабатты үйге көшкен. Себебі бұрынғы үй 12 адамға ғана есептелген. Ал, көмекке мұқтаж жандардың саны көбейіп келеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0