пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
1oC
1xadv
×

Алматы облысының әкімі антитеррористік операцияда каза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматы қаласында 18 шілдедегі антитеррористік операция кезінде мерт болған азаматтардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Алматы қаласындағы оқиға кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған жол- патрульдік полициясы арнайы батальоны қызметінің аға инспекторы полиция лейтенанты Тимур Бегасыловтың Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылында тұратын отбасына және туған-туыстарына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көңіл айтты.

Облыс әкімі Амандық Баталов күні кешегі Алматыдағы оқиғада қоғам қауіпсіздігі үшін қызметтік борышын өтеу жолында азаматтарымыздың құрбан болуы бір отбасының ғана емес, күллі елдің қабырғасын қайыстырғанын жеткізе келе, отбасына басу айтты.

«Бұл ақталмайтын қылмыс. Азаматтардан айырылу - баршамыз үшін де ортақ қайғы. Оларды бүгінгі күннің батыры дейміз. Осындай ұл тәрбиелегендеріңіз үшін алдарыңызда басымызды иеміз. Дәл қазір сіздерге қолдау көрсетіп, жан-жақты жәрдемдесу – біздің міндетіміз», — деді облыс әкімі.

Осы күні Тимур Бегасыловтың отбасына А. Баталов Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын кешенінен екі бөлмелі жаңа пәтердің кілтін тапсырды.

Сонымен қатар, 18 шілде күнгі Алматыда орын алған оқиғада қаза болған полиция сержанты Мақсат Сәлімбаевты жерлеу рәсімі Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында өтті. Оған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысып, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Осы күні Қарақастек ауылында Мақсат Қанағатұлын соңғы сапарға шығарып салуға арналған қаралы митинг өтіп, онда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов лаңкестік әрекеттерді айыптай отырып, қоғамның қауіпсіздігі үшін қызметтік борышын өтеу жолында құрбан болған азаматтардың ерліктері елжандылықтың, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болатын атап өтті.

«Жас өмірі қыршын кеткен Мақсат тәуелсіз елдің тірегі, қорғаны болды, соның арқасында Мақсат қаншама бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды. Оның есімі тәуелсіз Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз», ― деді А.Батталов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0