воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-10oC
×

Ақтаудағы зауыт өнімі «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылуы мүмкін

Өңірдегі бірегей тауарлар өндірушілердің бірі - Ақтау көлік құрастыру зауыты. Өндіріс орынының инновациялық жабдықтарды шығаруда мүмкіндігі зор. Зауыт өнімі халықаралық «Экспо-2017» көрмесіне де қойылуы мүмкін, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов мәлімдеді. Жұмыс сапарымен келген халық қалаулысы бірнеше кәсіпорындарды аралап, жұмысшылармен кездесті.

Депутат инновациялық жабдықтарды жасауда маңғыстаулықтардың мүмкіндігі бар екенін айтты. Оған дәлел өндіріске қажет заманауи құрылғы жасаған ақтаулық ардагер-мұнайшының еңбегі.

Сонымен қатар Ахмет Мурадов күні бұрын «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің қызметкерлерімен жүздескен болатын.

Жиында мәжіліс депутаты өңірдің экологиялық проблемасына тоқталды. Әсіресе, «Қошқар ата» улы қалдықтар қоймасының жағдайы туралы сөз қозғап, мәселенің шешу жолдарына қатысты пікірін білдірді. Кездесу барысында мұнай саласындағы жетістіктер жайы айтылды. Халық қалаулысы бірнеше жыл мұнай кен орнында қызмет еткен. Сондықтан, депутат  бұл саланың соңғы жаңалықтарына ризашылығын білдірді.

«Мен білем, ардагер-мұнайшы жаңа инновациялық құрылғыны ойлап тапқанын. Яғни, бұл ұңғыма қуатын үнемдейді екен. Маған бұл жаңалық өте қызықты болып отыр», — деген екен мәжіліс депутаты А.Мурадов өз сөзінде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: