суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-7oC
×

Павлодарда Тоқажановтар отбасы ғашықтар байқауының жеңімпазы атанды

Павлодарда Нұртас және Айша Тоқажановтар «Ақ босаға» атты ғашықтар байқауының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі. 

Құрамында Павлодар облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы  Зинаида Пархоменко, Бұқар жырау атындағы музейдің директоры Роза Игібаева, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Наталья Нефедова және «Қазақстан-Павлодар» телеарнасындағы «Город 718» бағдарламасының тележүргізушісі Диана Бақтыгалиева бар қазылар алқасы бірауыздан Тоқажановтар отбасына дауыс берді.  Бұл жас жұбайлар  ең креативті  әрі өздерінің танысу тарихын ұтымды көрсете білген жұп ретінде  ерекшеленді.

«Біздің шаңырақ құруымыз кездейсоқ болған жоқ. Екеуміз де Алматыда оқып жүрген кезде танысқан едік. Біраз уақыт өткен соң  біз өзіміздің жерлес қана емес, ата-анамыздың көрші тұрғанын, тіпті, балалық шағын бірге өткізгенін білдік. Биыл отбасын құрғанымызға үш жыл толды», — дейді Айша Тоқажанова. — Біздің жанұямыз әрбір демалыс күндері тәттілер дайындайды және бүгін қазылар алқасына дәм ұсынуды жөн көрдік.  Айта кетерлігі, қатысушылардың арасында «Халық радиосы» байқауының жеңімпаздары Азат пен Жазира Мамықановтар да бар».

Отбасылық сайысқа 29 жасқа толмаған жас жұбайлар мен болашақта отбасын құруды жоспарлап жүрген 10  жұп қатысты. Олар алғашқы танысқан кездері түсірілген қызықты бейнефильм дайындауы керек. Сонымен қатар, үш минуттан аспайтын шығармашылық нөмір көрсетіп, «Біздің отбасымыздағы басты байлық» тақырыбында үй тапсырмасын орындауы тиіс еді. Үміткерлердің арасында бірнеше бала тәрбиелеп отырған журналистер, кәсіпкерлер, мұғалімдер және енді үйленгелі жүрген жастар бар. Байқау  жеңімпаздарына Full HD экранды теледидар, қатысушыларға әмбебап қазан сыйға тартылды.    Сондай-ақ, Павлодар облысы іскер әйелдер қауымдастығы мейрамханадан кешкі ас ішуге сертификат табыс етеді. Қалалық конкурстың жеңімпаздары 21 қыркүйек күні өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Халық радиосының» «Жар-жар» жобасында танысқан павлодарлық 26 жастағы Азат Мамықанов пен екібастұздық 22 жастағы Жазира Ыбыраева отбасын құрған.  25 жұптың ішінен жартылай финалға өткен 11-інің алтауы ақтық мәреге шықты. Олардың барлығына әлеуметтік желілерде дауыс берілді. Нәтижесінде Азат пен Жазира 1570 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Тайландқа демалу үшін жолдама ұсынылады. Бұдан басқа, жобаның демеушілері тойға жұмсалатын шығынның барлығын өздері көтерді. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0