пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Ақтауда халықаралық инвестициялық форум ашылды

Бүгін Ақтау инвестициялық форумы салтанатты түрде ашылды. Жиынға Қытай, Ресей, Голландия, Италия, Әзірбайжан, Түркия және Иран сынды оннан астам мемлекеттен делегаттар келген болатын, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Форумның ең басты мақсаты – облыс экономикасына инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту.

Ұлт жоспарын жүзеге асырудың 5 институционалдық реформасының үшіншісі индустриаландыру және экономикалық өсім екені белгілі. Бұл реформаның маңызы өзгелеріне қарағанда артық болмаса кем емес. Аталған реформа жарияланғалы елімізге инвестиция тарту қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, Маңғыстау өңірі көш басында.  Форумда аймақ басшысы бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды ой елегінен өткізіп, саралап берді.

«Облыста жылына 18 млн тоннадан астам мұнай өндіріледі.  Газ өңдеу жылдан жылға 15 пайызға артып келеді. 2-ден ҚР Ұлттық кластерін дамыту стратегиясы аясында облыс мұнай сервистік кластерін дамытуға лайықты аймақ ретінде айқындалды. Бұл салаға қызығушылық танытатын инвесторлар қатары артып келеді.  Атап айтсақ, жуық арада инвестиция құны 12 млрд теңгені құрайтын Италяндық транс ұлттық компаниясының мұнай құбырларын кескіндейтін зауыт құрылысы», — деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Форум аясында өңірдің туризм, ауылшаруашылық, мұнай-газ, көлік тасымалы саласы бойынша жаңа жобалар шетелдік инвесторларға таныстырылды. Егер аталған жобалар жүзеге асып жатса, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз септігін тигізеді. Нәтижесінде мыңдаған жұмыс орындары ашылып, аймақ әлеуеті артпақ.

«Біз Маңғыстауда инфрақұрылымды дамыту бойынша бірнеше жобаны қаржыландырып жүрміз.Соның ішінде сумен қамтамасыз ету және  логистика саласы бойынша. Біздің банк республикадағы ең ірі инвестор болып саналады. Мәселен, Маңғыстауда инвестиция тартуға мүмкіндік көп. Сондықтан, бүгін тағы да бірнеше жаңа жобалармен таныстық. Мұндағы қызықты жобаларға инвестиция құюымызда мүмкін», — деп атап өтті Еуропа даму және қайта құру банкінің қазақстандағы директоры Дженэт Хэкман.

Сондай-ақ, инвестициялық көрме аясында шетелдік инвесторларға таныстырылған жобалардың бірі «Ешкі фермасы». Жоба құны 101 млн теңге. 5 жылда қайтарымын береді. Жобаны ауылшаруашылық саласында 25 жылдық тәжірибесі бар Нұрсәуле Жайынбаева еуропалық компания өкілдерімен бірлесе жасаған. Яғни, жоба алдымен 100 ешкіден басталмақ. Одан тек ешкі сүтін ғана емес, био иогурт пен ірімшік жасалады екен. Егер қолдау болса, жоба бірден іске қосылады – деп отыр жетекшісі. 

Форум соңында облыстық кәсіпкерлер палатасымен, кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы және аймақтық индустриялды-инновациялық даму басқармасы мен Ресейлік, Италяндық, Түркиялық компаниялар өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

 

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0