12 аталым бойынша өткен сайысқа қырықтан аса маңғыстаулық іскерлер қатысқан еді, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстаған болатын.
Оның айтуынша, ел экономикасының дамуына Маңғыстау облысының қосқан үлесі зор. Оның ішінде кәсіпкерлік саласы қарқынды. Бүгінгі байқау да осының дәлелі.
«2016 жылдың мүмкіндігі шектеулі үздік кәсіпкері». Бұл номинация бойынша Бибатпа Кенжебекова жеңімпаз атанды. Мүгедекпін деп, тасада қалмады. Еңбекке құштарлығын көрсетті. Міне, оның жемісін де көріп отыр. Отбасылық кәсіпкерлікті жандандырған Кенжебековтер Мұнайлы ауданын сүт өнімдерімен қамтып отыр. Шаруашылықтың аясын кеңейту жаспарда бар. Аудан, облыспен ғана шектелмей Республикаға өнімдерін шығармақшы», — деді Шолпан Ілмұханбетова.
«2016 жылдың туризм саласындағы үздік кәсіпкері». Бұл аталым «Турист» серікгестігіне бұйырды. Ел тәуелсіздік алғалы қолға алған істі дамыту оңай болмады. Талай қиындыққа төтеп берген басшысы өз кәсібін ғана емес, өңірдің туристтік саласын дасытып отыр.
«Үздік стартап –кәсіпкер» номинациясы. Бұл биылғы облыстық байқаудың ерекшелігі. Жыл сайын өңірдегі жас кәсіпкерлер саны артып келеді. Сондықтан, оларға қолдау көрсетіп, алға тарту біздің мақсатымыз», — дейді кәсіпкерлер палатасының өкілдері.
Бүгінде, осы аталым бойынша «эко констракшен компани» серіктестігі үздік деп танылды. Компания апат кезінде қауіпсіздікті сақтайтын резеңке жабындыларды өндіреді.
Ал, нарыққа енгеніне 20 жыл болған «Берекет- Ф» компаниясы «Өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесі» үшін марапаталды.
«Мен байқау ұйымдастырушыларына алғысымды айтқым келеді. Біздің еңбегімізді елеп, ескеріп жатқандары үшін рақмет. Сондай-ақ өз ұжымыма да үлкен алғыс айтамын. Осындай жетістіктерге жетіп, өңірдің дамуына үлес қосып жатқанымызда жұмысшыларымыздың арқасы. Барлығына алғысым шексіз», — дейді «Берекет-Ф» ЖШС директоры Зарета Фаталиева.
Халық игілігіне қызмет етіп жүрген орта және шағын бизнес өкілдерінің еңбегін көрсетуге арналған облыстық байқау биыл 4-ші рет өтті. Кәсібінің нәсібін көріп отырғандар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Байқау барысында кәсіпкерлер бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасты. Оң бәсекелестік олардың бизнесін дамытуға, одан әрі өркендеуіне септігін тигізіп отыр. Нәтежиесінде үздіктері анықталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаздар ғана емес байқауға қатысқандардың барлығы құр алақан қайтпады. Еңбектері еленіп, алғыс хаттар табысталды.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Женщина сожгла новорожденного: Начато досудебное расследование26.01.2023, 20:10Белгілі әнші Сейіл Аяған өмірден озды26.01.2023, 12:42
-
09:42Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробности09:28Почти 1,8 тыс казахстанцев лечатся от КВИ09:13Почем продают доллар в обменниках РК перед выходными08:50Фильмы о Гарри Поттере исчезнут из российских онлайн-кинотеатров08:05Таксистов в Казахстане массово штрафуют за назойливое приставание в общественных местах07:27Актюбинца лишили пенсии из-за «двойника» в России06:48Скандал в школе ЗКО: Ученики приносят на уроки алкоголь06:00Прогноз погоды в Казахстане на 27 января05:28Врачи Алматы выходили новорожденного весом 510 грамм03:34Пятиклассника избили до сотрясения мозга в коридоре школы Алматинской области02:28Сколько заработала Елена Рыбакина после сенсации на Australian Open-202301:35В Шымкенте в частном доме с четырьмя детьми произошел взрыв00:17Сколько «слепых» зон, где отсутствует интернет и связь, в Астане?