четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Шымкенттегі №15 орта мектеп оқушыларына теріс діни ағымдардың зауалы туралы семинар өтті

Д.И.Менделеев атындағы Шымкенттегі №15 жалпы орта мектеп оқушылары дін мамандарымен кездесіп, дәстүрлі емес діни ағымдардан келетін зауал туралы сабақ алды. Бұл туралы ОҚО Дін істері басқармасының жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКК-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған шара діни теріс ағымдармен күресу мақсатында қолға алынған алдын алу жұмыстарының аясында өткізіліп отыр. Мектеп оқушыларымен кездескен аталған орталық маманы Ғазиз Аппазов «Деструктивті діни ағымдар мен секталардың алдын алу және түсіндіру» тақырыбы бойынша баяндама оқып, оқушылар мен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесуде Елбасының жолдауы ескерілді: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүннитерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген» - делінген Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауында. Сондай-ақ, бұған қосымша ретінде елімізде дінге қатысты заңның кіріспесі айтылды. Онда «Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратының, әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркімнің діни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімінің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады» делінген.

Айта кетейік, соңғы бірнеше айдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының мектептері мен жоғарғы оқу орындарында дін тақырыбында түрлі жиындар өтуде. Басты мақсат – жастарды теріс діни ағымдардан сақтау.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0