четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Ақтауда бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бұл жолғы жәрмеңкеде жұмыс берушілер қызметке тұрудан үмітті жұмыссыздарды алдымен мекеме жұмысымен таныстырып, қыр-сырын түсіндірді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жалпы, Ақтау қаласында жыл басында 2800 жұмыссыз есепте тұрған болатын. Осындай бос орын жәрмеңкелерінің арқасында олардың 500-і қызметке орналасты. Ал, бұл жолы жұмысқа орналасқандардың саны 70 адам.

Айта кетсек жастар үшін облыстың 32 мекемесі 300 бос жұмыс орынын ұсынды. Ауыл шаруашылығы, мал дәрігері, техникалық мамандар мен қонақ үй саласында қызмет көрсететін мамандар керек екен. Бірақ, сұраныс пен өтініш сай келмейді. Жұмыс іздегендердің басым бөлігі - экономика, заң, мұнай саласында білім алғандар. Олардың қара жұмысқа барғысы жоқ.

Жұмыс бар. Жалақы аз, - дейді бос орындар жәрмеңкесіне келгендер. 400 адам өзіне қолайлы жұмыс іздеп келді. Сәті түсіп, қабылданғандары да болды. Түйіндеме қалдырып, мекеме басшысының әңгімелесуіне шақырту алғандар қуана тарасты. Қалалық жәрмеңкеге аудан мекемелері де қатысып, қызметкер іздеді.  Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі бос жүрген жастарға жұмыс табу ғана емес. Өз кәсібін ашуға қолдау көрсетуді де жолға қойған. 

«Жастарды егер өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс таба алмаса. Онда оны кәсіпкерлікке баулу жағынан да жұмыс атқарып жатырмыз. Қазір бізде кәсіпкерлікпен шұғылданып жатырған жастар көп қой. Бірақ, кәсіпкерлікті бастағысы келгенімен білімі жетпейді. Сондықтан біз оны. «Даму» қорымен бірлесе отырып , кәсіпкерлер палатасы солармен бірлесе отырып көмек береміз», — дейді Ақтау қалалық жастар орталығының бөлім меңгерушісі Жұмагүл Сәтенова.

Ақтау қаласы бойынша жыл басынан бері 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, 285 жас жастар практикасынан өтіп, 67 азамат түрлі кәсіптік оқуға жолданыпты. Жұмыссыздықта азайтуға ат салысар жәрмеңке енді тоқсан сайын өтізілетін болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0