пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

Ақтауда халықаралық инвестициялық форум аясында 30 жаңа жоба таныстырылды

Маңғыстау облысының орталығында шетелдік инвесторлар, жергілікті бизнес және мемлекеттік органдар арасында диалог құруға бағытталған халықаралық инвестициялық «Investment Day of Mangystau» форумы басталды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, форумға Қазақстанның кәсіпкерлері мен жиырмаға жуық жақын және алыс шет елдерден барлығы 500-ден астам бизнесмендер қатысты.

Форум аясында ұйымдастырылған көрме барысында экономиканың барлық саласынан инвестицияны талап ететін 30 жаңа инвестициялық жоба таныстырылды. Бұл - мұнай-газ, құрылыс индустриясы, баламалы энергетика, көліктік логистика, туризм және тағы басқа салалардағы жобалар.

«Бұл форум Маңғыстау өңірінің жаңа инвестициялық мүмкіндіктерін сіздермен бірлесе саралауға жол ашады деп сенемін. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, инвестициялық құны 175 млрд теңге болатын 5 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, инвесторлармен тиімді қарым-қатынас орнату үшін биылдан бастап облыста Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Ол өз кезегінде жергілікті және шет елдік инвесторлармен тұрақты түрде жұмыс жасауға мол мүмкіндік береді», — деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Екі күнге созылатын форум барысында инвесторлармен келіссөздер жүргізу және бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0