четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы баяндалды

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аталмыш семинар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстары қаралды.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен кеңеске, 600-ге жуық адам, соның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері саласына жауапты мемлекеттік қызметшілер, бейне-селекторлық режимде аудан, қала және ауылдық округтердің әкімдері, сот және құқық қорғау органдарының және басқа да саланың өкілдері қатысты.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Мемлекет басшысы айқындаған 5 институцианалды реформаның он үшінші бағыты бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресті жүзеге асыру маңызды болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2025 жылға қарай сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен 30 елдің қатарына кіру міндетін қойды. Бұл міндет баршамызға қойылған жауапты іс. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықты жою үшін бірлесіп іс-қимыл жүргізуіміз қажет. Қызмет саламызға қарамастан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барлығымыздың ортақ міндетіміз. Тек қана мемлекет пен қоғамның тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Қоғам болып, бірлесе күш-жігер жұмсаған жағдайда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың шаралары өз нәтижесін бермек», — облыс әкімі Алик Айдарбаев.

Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңдар қайта қабылданып, кейбіреулеріне жаңа өзгерістер енгізілді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты - жемқорлық деңгейін барынша төмендету.

«Сыбайлас жемқорлық барлық елдер де бар. Жемқорлық әлеуметтік кесел ретінде ең алдымен мемлекеттің іргесін бұзып, адамгершілік құндылықтарға кесел келтіреді.  Адамдардың мемлекеттік басқару органдарына, заңға деген сенімін түсріп, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Әлемдік сарапшылардың айтуынша, Қазақстан сыбайлас жемқорлық жөнінен 17 сатыға көтерілгенімен, 123-орында тұр. Бұл жемқорлық деңгейі әлі де жоғары деген сөз. Сондықтан аталған стратегияға сәйкес жемқорлыққа қарсы көп болып күресіп, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз етуіміз қажет», — деді Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0