пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Дін мамандары ОҚО-ның Бәйдібек ауданын аралады

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс діни ағымдармен күрес жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысында әлі де болса жалғасып жатыр. Дін мамандарынан құралған ақпараттық топтар ауыл-ауылдарды аралап, тұрғындармен, оның ішінде жастармен көптеген кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай жиындардың бірқатары күні кеше Бәйдібек ауданында өтті.

Аталған іс-шараларды ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ММК тапсырысымен «Қазынат-Мирас» жеке қоры ұйымдастырып отырғанын айта кету керек.

Аталған орталықтың өкілі А.Бектұрғанов аудандағы №19 колледжде, Шаян көпсалалы лицейі және М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде болып, «Жасөспірімдер мен жастар арасында десртуктивті ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында дәрістер өтті.

- Қазақ халқы ертеден-ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» деп елді бірлікке шақырып отырған. Біздің басты міндетіміз – барлық мүдделі орындар, ата-аналар, мектеп ұжымы болып бірлескен іс-қимылымызбен жастарды еліміздегі дін бостандығын орнымен қолдануға, халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған қалыпты діни сенім мен нанымына селкеу түсірмеуге, жастардың діни мұқтаждық, қажеттіліктерінің орнын толтыруда оларды дәстүрлі Ханафи мәзһабының артықшылықтарын терең түсінуге, мәдениетке, достыққа, бірлікке патриотизмге шақыру. Кері ағымға біздің жастарымыздың арасында жол жоқ. Жастарымыз тура жолды таңдауда жаңылыспау үшін ұлттық тәрбиені біліммен ұштастыра отырып, баршамыз жұмылып экстремизмнің тамырына балта шабайық, - деді осындай кездесулерден кейін тілшілерге берген сұхбатында А.Бектұрғанов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0