пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Шымкенттегі «Парасат» колледжінің студенттеріне Қазақстандағы теріс діни ағымдар туралы айтылды

Теріс діни ағымдармен күрес жұмыстары соңғы бірнеше айда еліміз бойынша күшейтілгені белгілі. Бұған Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалар себеп болған еді. Мәселен, бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде дін мамандарынан құралған арнайы ақпараттық топтар халықпен кездесіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың зауалы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осындай іс-шаралардың бірі Шымкенттегі Парасат колледжінде өтті. Жастармен кездесуді ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ұйымдастырып отыр. Басты мақсат – жастар арасында діни экстремисттік, террористік және кері ағымдар мен секталардың алдын алу.

Іс-шараға аталған орталықтың «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыр және үйлестіру» бөлімінің маманы Ғ.Аппазов және «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің маманы Б.Заманханов қатысты. Олар студент жастарға «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіріп, шағын баяндамалар оқыды.

Сондай-ақ, жиын барысында дін мамандары семинар қатысушыларына Қазақстандағы дін саясаты, дәстүрлі дін және түрлі діни ағымдар туралы, діни экстремизм туралы жалпы айтып берді. Сонымен қатар, дәстүрлі дін туралы түсініктеме беріп, өзге де діни секталар туралы, олардың ықпалына түспеу және олардың қоғамның дамуына келтіретін зияны туралы толықтай баяндады. Іс-шараның тағы бір ерекшелігісол, оның мақсаты дәстүрлі діндер тарихы туралы ақпараттандыру, деструктивті ағымдар қызметінің мағынасын ашу, дәстүрлі діндер тарихын насихаттау болды.

Кездесу барысында студенттер мен педагогтар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан қанағаттанарлық жауаптарын алды. Әсіресе, жастар жағы салафизм мен өзге де теріс діни ағымдардың ерекшеліктерін, белгілерін сұрап, қосымша ақпарат алуға тырысты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0