Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Дін істері басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
Аталған іс-шара жұмысының негізгі мақсаты еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында және дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға негізделген.
Семинар-тренингті ОҚО дін істері басқармасының басшысы Жалмұрзаев Батырбек Қаратайұлы ашып берді. Ал, жиынды модераторы ретінде ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директор міндетін атқарушы Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы жүргізіп отырды.
Кездесу барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы, облыстық АТТ мүшесі А.Керімбек «Ислам бейбітшілік діні» тақырыбында баяндама жасап, шараға қатысушылармен сұрақ-жауап алмасты. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі А.Қуанышбаев та «Діни ағымдарға бөлінушілік және оның шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, өз ойымен бөлісті.
Сонымен қатар, Дін мәселелерін зерттеу орталығы МКМ «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Д.Оспанов «Облыстық ақпараттық-түсіндірме тобының жұмыс жүргізу қағидаттары», «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Ф.Тайтелиев «Керағар ағымдардың қаупі» атты тақырыбында баяндама оқыды. Мұнан кейін «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы Ұ.Алиакбарұлы «Әлеуметтік желілердегі кері ағымдардың іс-әрекеттері», «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің басшысы Қ.Ергазиев «Кереғар ағымдардың принциптері және олардың алдын алу шаралары» атты тақырыбында баяндама жасады.
Аталған семинар-тренинг жұмысына облыстық, қала, аудандық ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің қызметкерлері, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік өкілдігінің қызметкерлері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.