пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Шымкентте террористік тұрғыдан осал нысан басшыларына ірі көлемде айыппұл салынды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті мен Ішкі саясат басқармасы мамандары бірігіп, облыс аумағындағы адам көп жиналатын нысандардың террористік тұрғыдағы қауіпсіздігін тексеріп қайтты. Бұл туралы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов мәлімдеп отыр.

Оның айтуынша, Шымкенттегі бірнеше нысанда адамдардың қауіпсіздігі қарастырылмаған. Салдарынан, аталған нысан басшыларына ірі көлемде айыппұлдар салынды.

«ОҚО ІІД-нен құралған жұмысшы топ қызметкерлерімен 108 нысанға (оның ішінде: 12 ірі сауда орталықтары, 10 салтанат сарайы, темір жол вокзалы, 5 стадион, халыққа қызмет көрсету орталығы, қонақ үй мен базарлар және 80 стратегиялық және қауіпті нысандар) тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 149 бабына сәйкес, «террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша «Метро», «Әл-Фараби» сауда орталықтары мен «Евразия» салтанат сарайының мекеме басшыларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама түзіліп, іс-құжаттары Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, сауда орталықтарының басшыларына 100 АЕК мөлшерінде, 212 100 теңге айыппұл салынды. Ал, «Евразия» салтанат сарайы басшысына 200 АЕК мөлшерінде, яғни 424 200 теңге айыппұл салынды», — дейді Б.Ахымбетов.

Айта кетейік, биыл маусым және шілде айларында Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін еліміздің барлық аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Адамдар көп шоғырланатын әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзалдарда қауіпсіздік қызметінің мамандары тексеру жұмыстарын жиілеткен.

Сондай-ақ, дін өкілдерінен тұратын ақпараттық топ халық арасында түсіндіру шараларын да жүргізіп жатыр. Басты мақсат – теріс діни ағымдардың жолын кесіп, жастардың адасуына жол бермеу.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0