пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

ОҚО бойынша әйел-қыздар секторының жиналысы өтті

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында тұңғыш рет «Жалпы жəне жастар ісі» бөлімнің жанынан жаңа қызмет түрі – әйел-қыздар секторының пайда болғаны БАҚ беттерінде хабарланған болатын. Аталған қызмет түрі еліміздің барлық облыстарындағы мешіттер жанынан ашылды. Басты мақсат – қыз-келіншектердің діни сауатын ашу.

Бүгіне осынау сектордың әр облыста арнайы жауаптылары бекітіліп, келген тапсырмаларға сәйкес жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған орай «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» қарсаңында ҚМДБ ОҚО бойынша өкілідігі, облыстық орталық мешітінде әйел-қыздар секторының семинар-жиналысы өтті. Аталмыш семинар-жиналысқа ҚМДБ Оңтүстік Қазақстан бойынша өкілдігінің әйел-қыздар ұстаздары жиналды.

Басқосуда ОҚО бойынша әйел-қыздар секторына жауапты Еңлік Абиева «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында баяндама жасап, Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық тарихына тоқталып өтті. Кездесуде қараша айында облыс бойынша атқарылатын әйел-қыздар секторының жұмыс жоспары таныстырылып, өзге де тапсырмалар жүктелді.

Айта кету керек, бала тәрбиесінде ананың орнын ешқандай жан алмастыра алмайды. Әсіресе, бала тәрбиесі күн тәртібіне шығып отырған дәл қазіргі заманда әйел адамның алар орны ерекше. Өйткені, қоғамда жастар мен жасөспірімдер қолымен жасалатын қылмыстың артқаны былай тұрсын, өскелең ұрпақ теріс діни ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Сондықтан, балаға кішкентайынан бастап оң тәрбие беру үшін ананың да діни және рухани ілімі болуы керек. Жоғарыда аталған әйел-қыздар секторы осы ілімді беретін институт іспеттес. Мұнда қыз-келіншектер тек ислам шарттарын үйреніп қана қоймай, ата-баба ұстанған дәстүрлі жолды да бойына сіңіріп шығады. Сондай-ақ, ұстаздар бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңестерімен де бөліседі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0