суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Оңтүстікқазақстандық дін өкілдері спорттық алаңда бас қосты

Шымкенттегi жаңа технологиялар колледжiнде шағын футболдан облыстық дiн iстерi басқармасының ұйымдастырумен ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына және 18 қазан – Рухани келiсiм күнiне арналған сайыс өттi.

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң кубогы сарапқа салынған бұл додаға дiни конфессиялар жетекшiлерi мен өкiлдерiнен жасақталған 6 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыстық дiн iстерi басқармасының басшысы Батырбек Жалмұрзаев және Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының ОҚО бойынша өкiл имамы Ахметжан Керiмбек құттықтау сөз сөйледi.

Достық пен ынтымақ насихатталған турнирде бiрiншi орынды православиелiк конфессиясының «Дружба» командасы жеңiп алды. Екiншi орын Оңтүстiк Қазақстан облыстық мешiтiнiң командасына бұйырса, үшiншi орынға католиктiк конфессияның «Святой Николай» командасы ие болды.

Рухани келiсiм күнiне арналған мұндай турнир облысымызда екiншi рет ұйымдастырылып отыр. Салауатты өмiр салтын насихаттап, рухани келiсiмдi нығайтқан жарысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын бiлдiрдi және дәл осындай спорттық және қоғамдық шараларды дін өкілдерінің арасында жиі өткізіп отыруға уағдаласты.

Айта кетейік, ОҚО Дін істері басқармасының жұмысы биыл жаз айларынан бастап күшейе түсті. Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін басқарма мамандары мен басқармаға қарасты «Дiн мәселелерiн зерттеу орталығы» МКМ-нің қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – жастардың теріс діни ағымдар жетегінде кетуіне жол бермеу. Осы міндетті жүзеге асыру үшін дін ғалымдары облыс аумағындағы мектептер мен жоғары оқу орындарында және колледждерде күн сайын семинар-дәрістер өткізіп келеді. Мұндай шаралар оқу жылы аяқталғанға дейін жалғасын таппақ.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0