Күн тәртібінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу шеңберінде негізінде денсаулық жүйесін жетілдіру, Қазақстан Республикасын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, отандық дәрілік препараттарды шығаруды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Партиялық куратор Доғдргүл Молдахалықова өзінің сөзінде, халықтың денсаулығын сақтау және оны қорғау кез-келген мемлекеттің дамуында ерекше орын алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу – бұл қаражатты бір жерде жинақтау ғана емес, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауға мүмкіндік береді.
«Бүгінгі күні, мемлекетпен кепілдендірілген дәрілік препараттарды әрбір пациенттің алуын тексеруге мүмкіндік беретін амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмек заттарды алатын диспансерлік топтар бойынша аурулардың тізімі жасалған», — деді облыстық денсаулық сақтау басқарамасы төрағасының орынбасары Ержан Сүлейменов.
Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі – бұл тек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың ғана емес, барлық фармацевтикалық нарық саласындағы қатысушыларының басты міндеті.
«Елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын қамти отырып, басқа да реформалар кешенінде жүргізілетін болады», — деді Алматы облысы бойынша медициналық қызметке ақы төлеу департаментінің басшысы Мақсұт Қалажанов.
Отырыстың соңында Комиссия мүшелерімен күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.