суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Алматы облысының әкімі «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» атанды

Амандық Баталов республикалық байқаудың «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» номинациясында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» және «2016 жылдың үздік инженері» номинациялары бойынша республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде белгілі болды.

Ұлттық инженерлік академиясы байқау комиссиясының төрағасы, академик Асқар Құлыбаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» дипломы мен төсбелгісін тапсырды.

Салтанатты шараны ашқан ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Бақытжан Жұмағұлов алдымен әріптестері мен шара қонақтарын осынау айтулы оқиғамен құттықтады.

«ҚР Ұлттық инженерлік академиясының «Үздік жыл инженері» Құрметті атағын беру үшін республика көлемінде бұл шараны екінші рет өткізіп отырмыз. Инженер дегеніміз индустрияландыру мен инновацияның негізгі тұлғасы. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағытты тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтумен теңестірді. Біздің байқауымыздың жеңімпаздары үздіктердің ішіндегі үздік инженерлер, болашақтың негізін салушылар. Бүгінгі байқау­дың тағы бір ерекшелігі бар. ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай біз экономикамыздың әр саласы мен өңір басшылары үшін ерекше номинация енгіздік», — деді ол өз сөзінде.

«Баршаңызды ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын, – деді екінші болып мінберге көтерілген ҚР Ұлттық инженерлік академиясы байқау комиссиясының төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Құлыбаев. – Біздің академиямыздың құрылғанына 25 жыл болды. Бүгінгі шараның осынау айтулы мерекемен тұспа-тұс келуін жақсылыққа жоримыз. Өздеріңізге белгілі, «Қазақстанның үздік инженері» байқауын биыл екінші рет өткізіп отырмыз. Былтыр елдің әр шалғайында өндірісті дамытуға үлес қосқан 11 адам марапатталды. Қазақстан тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай биылғы өткізген байқаудың маңызы зор».

Жалпы байқауға 200-ден астам үміткер қатысқан.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0