Талдықорған қаласында Кәсіпкерлікті қолдау аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелері кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Қазіргі күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отандық кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңес беру органы болып табылады.
«Кеңес тұжырымдамалық ұсыныстарды, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша нақты тәжірибелік шешімдерді дайындау үшін диалог алаңына айналуды көздейді. Кеңес, басқарушы саяси күш ретінде партияның ресурстарына сүйене отырып, облыстық мәслихаттағы партия фракциясы арқылы қазақстандық кәсіпкерлікке кеңінен қолдау көрсетуге ықпал етеді», — деді Гүлнәр Тойлыбаева.
Отырысқа қатысқан Алматы облысы бойынша «Даму» қорының директоры Бахыт Мұсаев ҚР Ұлттық экономика министрлігінің стастистика комитетінің мәліметі бойынша 2016 жылдың 1 қыркүегіндегі жағдайға сәйкес 154,8 мың шағын және орта бизнес субъектілері әрекет етеді және 285,6 мың адам онда жұмыс істейді. Алматы облысы шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді саны бойынша республика бойынша 1 орынды иеленеп отырғандығын айтты.
Ал, облыстық кәсіпкерлікті және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Қ. Исабеков өз сөзінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы Республикалық бюджеттен 5,9 млрд. теңге бөлінген (2015 жылы – 3,6 млрд. теңге), бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 163,9% өсім байқалып отырғандығы жеткізді.
Гүлнәр Тойлыбаева отырысты қорытындылай келе, республиканың басшылығы Қазақстанның отыз дамыған мемлекеттердің қатарына енуді стратегиялық бағыт ретінде ұстанғандықтан және мемлекеттің қуатты экономикалық күші ретінде дамуына үлес қосатын, бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту екендігін айтты.
Айта кететін жайт, Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отандық кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңес беру органы болып табылады.