суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Талдықорғанда жас кәсіпкерлер мектебі өз жұмысын бастады

Мектеп «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында ашылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаевтің айтуынша, жоба жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға бағытталған.

«Бұл мектеп ең белсенді және де кәсіпкерлік бастамасы барларға арналған. Сондай-ақ бұл құзыреттілік пен біліктілік деңгейін арттырғысы келетін жастарды қызықтыруы мүмкін. Оқу барысында тыңдаушыларға кәсіпкерлік қызметін жүргізу негіздері және бизнес-жоспар дайындау бойынша оқу-әдістемелік материалдары, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалары ұсынылады. Оқу қорытындысы бойынша, бизнес-жоспарларын жоғары деңгейде қорғап шыққан қатысушыларға, оқығанын растайтын сертификаттар тапсырылады», — деп атап өтті Е.Датқаев.

Сондай-ақ, аталған сертификаттар Бағдарлама аясында грантты қаржыландыру байқауларына қатысуға мүмкіндік береді.

Бескүндік оқу барысында, Александр Кузнецов және Қайрат Оңғаров сынды тәжірибелі дәріскерлер кәсіпкерліктің қыр-сыры, оның ішінде бизнес жоспар құру, маркетингтік жоспар құру, даму стратегиясы, сондай-ақ кәсіпкерлік психологиясы туралы түсіндіретін болады. Жас кәсіпкерлер мектебіне 18-ден бастап 29 жас аралығындағы азаматтар жазыла алады.

«Аталған байқау – студенттер мен жастар үшін өзін-өзі жетілдіруге тамаша мүмкіндік. Бүгінде жастар кәсіптің барлық  саласын игеріп жатыр. Сол себепті оқыту жұмыстары, оларға компания мен қызметкерлерді дұрыс әрі тиімді басқару тәсілдерін үйретеді. Олар үшін жас кәсіпкерлер мектебі болшақта бизнестерін бастауға үлкен негіз бола алады», — дейді А.Кузнецов.

Оқыту қорытындысында ең үздік жобалар «Идеялар жәрмеңкесі» байқауына қатыстырылады. Соның арқасында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында мемлкеттік грант алуға үміткер атанады.

«Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасының қатысушыларын оқыту екі тілде жүргізіледі.

Айта кетсек, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аймақта сәтті жүзеге асып келеді. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0