вторник, 19 марта 2024 г.
icon
449.3
icon
489.69
icon
4.89
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
-1oC
1xadv
×

Маңғыстаудан 65 мың адам ЭКСПО көрмесіне барады

Астанада өтетін «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесіне Маңғыстаудан 65 мың адам барады деп жоспарлануда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Маңғыстау облысына арнайы келген «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының менеджерлері бүгін облыс әкімі Алик Айдарбаевпен кездесті.

Отырыста ЭКСПО көрмесіне Маңғыстаудан туристік компаниялар атсалысу қажет деген пікір айтылған болатын.

«Кеше ғана Елбасы Жапонияға барып келді. Ақылды ел баламалы энергетика саласындағы ең озық технологияларымен таныстырады. Тіпті оларлың туроператорлары ЭКСПО-2017ның ресми туроператоры болды. Енді жапон нарығында билеттер сатылып жатыр. Ертең Кореялық екі туроператормен келісім шартқа отырамыз», — деді «Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясының менеджері Сәуле Бөлебаева. 

Айта кетсек, көрмеге әлемнің 105 елі қатысуға ниет білдірген. «Болашақ энергиясы» көрмесі бас қалада 2017 жылдың оныншы маусымы мен оныншы қыркүйегі аралығында өтпек. Ендігі мәселе-  қонақтарды орналастыру, көрмемен таныстыру. Себебі, осы көрме арқылы әлем Қазақстанды танитын болады. Еліміздің он төрт өңіріне туристік маршрут жүреді. Маңғыстау облысына 5 күн белгіленген. Көрмеге келген шет елдіктер құпия, жұмбақ өлкені аралай алады.

«Жалпы жаз бойына өтетін көрмеге облыстан 65 мың адам бару керек. Оларды қарыжаланыдарытгн қарды көздерін де іздестіріп жатырмыз. Осы орай да облыстағы туристік операторларға көрмеге турпакет ұйымдастыру тиімді екенін айтамын», — дейді Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова.

Экспода танылуға ұлттық компаниялар мен туристік операторларға зор мүмкіндік бар. Өйткені, корпоративтік павильонда серіктес болғандарға жарнамажасалады. Ал,аймақтардан көрмеге баратындар үшін туристік пакет дайындаса, олар ресми туристік оператор ретінде бекітеді. Билеттерді алуға 5 тен 50 пайызға дейін жеңілдік жасалмақшы.

Сөйтіп, инновация мен бәсеке ,ұлттық мәдениет танылатын 93 күндік көрмеге Маңғыстау облысы да өз үлесін қосады

«Бұл біздің шет елге демалуға кететін артық ақшамызыдың ішкі нарыққа құйылуына зор септігін тигізеді», — деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Еске салсақ, ЭКСПО-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлануда.

ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0