четверг, 2 января 2025 г.
icon
525.11
icon
546.74
icon
4.88
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-10oC
×

Маңғыстау облысының әкімдігі Викторияның мүрдесін Ақтауға жеткізуге көмектеседі

Маңғыстау облысының билігі көз жұмған 6 жасар қыздың денесін Астанадан Ақтауға жеткізуге жәрдем береді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиеваның мәліметі бойынша, аймақ басшылығы құжаттар заңды түрде рәсімделгеннен кейін Викторияның мүрдесін Ақтауға жеткізуге және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектеседі.

«Викторияның ата-анасының, туысқандарының және жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Әрине, бұл өкінішті жағдай. Викторияны сауығып кетеді деп үміттеніп едік. Осыған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі баланы Астана қаласындағы Ана мен баланың ұлттық орталығына жеткізуге көмектескен болатын. Викторияның мүрдесін Ақтауға жеткізуге сөзсіз жәрдемдесеміз. Ақтауда өткізілетін жерлеу рәсімдеріне де қолғабыс етеміз. Қазіргі уақытта авиатасымалдаушылармен сөйлесіп жатырмыз. Құжаттар дайын болғаннан кейін, бірден мүрдені Ақтауға жеткіземіз», — деді Б.Нұрғазиева.

Маңғыстау облысының әкімдігі оқиғаның алғашқы күнінен бастап жағдайды жеке бақылауға алып, Викторияның отбасына барынша көмектескенін айта кету керек.

Алты жастағы Виктория Минина кеше, қарашаның 21 күні Астанада көз жұмды. Дәрігерлер Викторияны аман алып қалу үшін бар күшін жұмсады. Дегенмен, бір ай бұрын дәрігерлер қыз баланың миы өлгенін тіркеген болатын.

Мұның алдында алты жастағы Викторияны өімірін жалғап тұрған аппараттан ажыратпайтыны айтылған болатын. Мәскеулік және шетелдік дәрігерлер бұл оқиғаны естіп, көмектерін бергенімен, оң нәтиже болмады. Арнайы щақырылған ресейлік маман балақайдың жақсарып кететуіне үміт жоғын айтқан.

Еске сала кетсек, 6 жастағы Виктория биыл 20 тамыз күні жоғалып кеткен. Алдымен оны туыстары өз күшімен іздестіріп, 2,5 сағаттан кейін полицияға хабарласқан. Зорланған қыз баланы полицейлер ауыр күйінде саяжай аумағынан тапқан. Санитарлық авиация қыз баланы Ұлттық ана мен бала орталығына жеткізген еді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0