четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
-0oC
1xadv
×

Маңғыстауда «Жаңа серпінмен» 203 адам жұмыс тапты

Жұмыссыз жүрген жастарға «Жаңа серпін» бағдарламасы өз септігін тигізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында аймақта 203 адам жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Жыл басынан бері 85 адам, оның ішінде-7 мүгедек оқытылған. Олар лаборант, битум-эмульсиялық қондырғысының операторы, инженер-технолог, оператор-экструдер, докер-механизатор, тальман, дәнекерлеуші, кран жүргізушісі, ағаш ұстасы, аспаз, жүк көтергіш машинисті мамандықтары бойынша білімдерін жетілдірген.

«Аталған мамандықтар бойынша мамандарды еліміздің Алматы, Астана қалалары мен көршілес мемлекеттердің Мәскеу, Астрахань, Қазан, Баку, Кременчуг қалаларына жіберіп, оқыттық. Қараша айында жұмысқа 16 адамды орналастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Бүгінде 13 бос жұмыс орындарына мамандар іздестірілуде. Алдағы уақытта кадр бөлімінің меңгерушісі, менеджер, логопед, фефектолог, массажист, әлеуметтік қызметкер, сурдопедогог, методист, кеме механигі, кеме жүргізуші, тігінші-дизайнер, ерлер салонының стилисті, дәнекерлеуші, құбыр монтаждаушы, асфальт-битум зауытының операторы мамандықтарын оқытып, дайындаймыз», — дейді «Жаңа серпін» КММ директоры Қайрат Рысбаев.

Соңғы жылдары облыста тұрақты түрде сақталып отырған мемлекеттік органдардағы кадр тапшылығы. Қазіргі таңда 500-дан аса бос мемлекеттік лауазымдар тіркелген. Бұл мәселенің оңтайлы шешімін табуына жаңа серпіндіктер де өз үлестерін қоспақшы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бағдарлама аясында 60-қа жуық жұмыссыз азамат оқытылмақшы.

«Бағдарлама аясында кеңес алғандар саны – 633 адам. Бүгінгі күні www.janaserpin.kz сайты жұмыс жасап тұр, сайтқа жұмыс іздеп хабарласқан 180 азаматтың түйіндемелері орналастырылды. Қосымша хабарласқан 230 азаматтың түйіндемелері өңделуде. Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде парақшаларымыз бар, тұрғындар қажетті ақпаратпен әлеуметтік желіміз арқылы да таныса алады», — деген Қайрат Рысбаев бағдарламаны жүзеге асыру бағытында жергілікті қазынадан 75 млн теңге қаржы бөлінгенін айтты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0