пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Шымкентте мектеп оқушылары деструктивті ағымдар туралы ақпарат алды

Шымкентте орналасқан №77 орта мектептің оқушылары дін мамандарымен кездесіп, деструктивті діни ағымдар туралы ақпарат алды. Мектеп қабырғасында өткен семинар-сабақты ОҚО Дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің мамандары ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Кездесуге қатысқан «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыр және үйлестіру» бөлімінің маманы Ғ.Аппазов оқушыларға дәстүрлі дініміздің етегінен ұстап, ажырамау керектігін айта келе, теріс діни ағымдардың қоғамға келтіріп жатқан зауалдарын мысалмен түсіндіріп берді.

«Сонымен қатар, ғаламтор арқылы экстремистік топтар мен ұйымдар өз идеяларын таратып, қатарларын көбейтуде. Ол жерден жастар радикалды бағытты ұстанатын салафиттердің бейнежазбаларынан жиһадқа шығу, шейіт болу мәселелері жөніндегі уағыздарын тыңдайды. Құран аяттары мен хадистерді бұрмалап түсіндіруге тырысатын мұндай уағыздар жастар санасына кері әсер ететіні даусыз. Бүгінгі жастар интернет әлеміне емін-еркін кіреді, жеке аккаунттарын ашып, кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады. Міне, осы кезде діни сауаты, таным-түсінігі қалыптасып үлгермеген буынның теріс пиғылды топтардың тұзағына түсіп қалуы да оп-оңай. Жастарымыздың бір бөлігінің ғаламтор желілері арқылы теріс идеологиялардың арбауына тез ілініп, қолшоқпары болып кеткені де рас. Себебі, радикалдық топтар ғаламтор желілері арқылы дәстүрлі емес экстремистік идеологияларын таратуда. Сол себепті, ғаламторда діни уағыз-насихаттарды таратушы ақпараттық деректерге назар аударған дұрыс», — дейді семинардан кейін тілшілерге сұхбат берген дін маманы Ғ.Аппазов.

Ал, кездесу соңында оқушылар теолог-ғалымға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Айта кетейік, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ биыл жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері облыс аумағындағы оқу орындарының барлығын аралап, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0