пятница, 25 апреля 2025 г.
icon
517.16
icon
588.48
icon
6.23
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
23oC
×

Шымкентте «Болашақ» колледжінің студенттері дін өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде  «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның және экстремизм мен терроризм актілерін алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу болып өтті, передает NewTimes.kz.

Кездесуге ОҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің дінтанушы маманы М.Ержігітов қатысып, «Кереағар діни ағымдардың зардабы» тақырыбында баяндама оқыды.

Кездесу барысында орталық маманы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңды жастарға түсіндіре отырып, теріс діни ағымдардың қоғамға тигізер зауалын айтып берді.

«Қазақ жері көне заманнан бері қарай сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық (оның әсіресе несториандық және яковиттік тармақтары) ислам сияқты әртүрлі діни топтар қатар өмір сүрген, яғни толеранттылык иен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған... Біз әлемге өзіміздің толеранттылығымызбен, ұлттық конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан ары қарай да сақталуға, дамуға тиіс. Бейбітшілік пен конфессияаралық келісім салаларында Қазақстан аясында болсын, тіпті дүниежүзілік ауқымда болсын, қол жеткізген белгілі табыстарымызға қарамастан, әлі шешілмеген, жедел шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Әсіресе, қазір дүние жүзіне діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Оларды XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелеріне жатқызуға болады. Конфессияаралық келісім мен диалогты жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу қажет. Дін, әуелі, әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады. Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішіңде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әр түрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің нығаюы үшін, діннің біріктіруші, рухани тұрғыдан құрушы фактор есебінде рөлінің күшеюі үшін діни мәдениет пен діни сананы қалыптастыру қажет», — деді М.Ержігітов жастарға оқыған баяндамасында.

Кездесу соңында студент жастар дін ғалымына сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0