суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Дін мамандары жыл басынан бері ОҚО-дағы 6 түрмеде кездесулер өткізген

ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директоры міндетін атқарушы Мәдіи Бесбаевтың айтуынша, аталған орталық қызметкерлері жыл басынан бері ҚМДБ өкілдерімен бірлесе Оңтүстік Қазақстан облысындағы 6 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесулер өткізген.

Бұл туралы ол Түркістанда өткен «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді.

«Облыс көлеміндегі 6 түзеу мекемесінде жыл басынан бері облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ және ҚМДБ өкілдерімен бірлесіп кездесулер өткізілуде. Облыс бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты пробация бөлімімен шартты шартты мерзімге бас бостандығынан айрылған азаматтармен кездесулер өткізілуде. Облыс бойынша қала-аудандарда деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге теологиялық-психологиялық қолдау көрсету бойынша жеке кездесулер тұрақты түрде өтіп келеді», - деді М.Бесбаев өз баяндамасында.

Оның айтуынша, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде облыс көлеміндегі іс-шараларға ҚМДБ ОҚО өкілдігінің білікті мамандары және ЖОО дінтанушы-ғалымдары ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері ретінде жалпы кездесулерге, түзеу мекемесіндегі жұмыстарға, деструктивті ағымдар жақтастарымен жеке кездесулерге қатысып келеді екен.

Айта кетейік, кеше Түркістанда өткен «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға өткен болатын. Оған түркі тілдес бірнеше елдің дін ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысуда. Басты мақсат – түркі тілдес елдер арасындағы рухани қатынасты дамытып, діни экстремизмге бірлесе төтеп беру. Жиын барысында баяндамалар оқылып, пікірсайыстар өткізіледі деп жоспарлануда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0