четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

ОҚО-да дін мамандары жыл басынан бері 3 мыңнан астам кездесу өткізген

Бұл туралы ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директорының міндетін атқарушы Мәди Бесбаев кеше Түркістанда өткен «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыстағы діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар тқрт бағыт бойынша жүргізіліп келеді екен. Атап айтқанда:

  1. Ақпараттық түсіндірме топтарының жұмысытары.
  2. Қоғамдағы дін қатынастарына зерттеу жұмыстары.
  3. Қоғамдық санаға жағымды ықпал ету мақсатында әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстары.
  4. Деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен өткізілген жеке кездесулер.

«Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін 1 облыстық, 15 қалалық, аудандық ақпараттық түсіндірме топтары қатарында 91 топшалар жұмыс жүргізуде. Жыл басынан ақпараттық түсіндірме топ мүшелерінің біліктілігін көтеру және ақпараттармен қаруландыру мақсатында 5 семинар-тренинг өткізілді. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарында ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Оның мақсаты – облыс тұрғындарының діни ауытқуларға қарсы иммунитетін көтеру. Облыстық, қала, аудандық топ мүшелері тарапынан облыс көлемінде жыл басынан бері барлығы 3168 кездесу өткізілді», - деді Мәди Бесбаев конференция барысында.

Айта кетейік, кеше Түркістанда өткен «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға өткен болатын. Оған түркі тілдес бірнеше елдің дін ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысуда. Басты мақсат – түркі тілдес елдер арасындағы рухани қатынасты дамытып, діни экстремизмге бірлесе төтеп беру. Жиын барысында баяндамалар оқылып, пікірсайыстар өткізіледі деп жоспарлануда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0