пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Шымкенттегі «Жалын» колледжінің студенттері дін мамандарымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған шаралар жалғасуда. ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары бүгін Шымкенттегі «Жалын» коледжінде болып, студенттермен және педагогтар қауымымен кездесу өткізді.

Жиынның басты мақсаты – жастардың жат ағымдар жетегінде кетуіне жол бермеу, деструктивті діни ағымдардың қаупі мен әлем қауымдастығына келтіріп жатқан зауалын көрсету.

Аталған орталық ішіндегі «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің маманы Ғ.Аппазов жастарға тақырып аясында баяндама оқып, мысал ретінде видеороликтер көрсетті.

«Шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады», - деп атап өтті теолог-ғалым аталған кездесу барысында.

Баяндамадан кейін студенттер тарапынан мазһабтарға қатысты, сәләфилік-уахабилік идеологияның ұстанымдарына байланысты бірнеше сұрақ қойылып, кездесу барысы пікірталасқа ұласты. Сондай-ақ, биыл жазда Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалары туралы толыққанды ақпарат берген дін маманы жат ағымдардан сақтанудың жолдарын да түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ биыл жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері Оңтүстік Қазақстан облысының барлық мектептері мен колледждерін және жоғары оқу орындарын аралап, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0