суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Шымкентте терроризм туралы жалған ақпарат таратқан жергілікті тұрғын сотталды

Шымкентте террорлық акті болады деп жалған хабарлама таратқан тұрғын сотталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тергеу барысында белгілі болғандай, 7 маусым күні, яғни Ақтөбедегі терактіден кейін көп ұзамай ер азамат Қазақстан Респуликасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының «1424 Call орталығының» сенім сымтетігіне ұялы телефоны арқылы хабарласып, Шымкент қаласындағы облыстық әкімшілік ғимаратында Ақтөбедегідей терроризм актісі болайын деп жатқаны туралы жалған ақпар берген. Бұл әрекетін ол мас күйде жасаған екен.

Аталған хабарлама бойынша оның үстінен  ҚР ҚК-нің 273 бабымен, яғни терроризм актісі туралы жалған хабарлау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Айыптау актісі аудандық прокуратурамен бекітіліп, негізінен қарау үшін сотқа жолданған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сот тергеуінде сотталушы Г.С. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, аталған хабарламаны мас халде құқық қорғау органы қызметкерлерінің дайындығын білу мақсатында жасағанын, жасаған қылмыстық құқық бұзушылық әрекетіне шын ниетпен өкінетінін айтып көрсеткен.

Сот тергеуінде сотталушы Г.С.-ның қылмыстық құқық бұзушылығы куәлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қылмыстық іс бойынша жинақталған басқа да құжаттармен өз дәлелін толық тапты.

Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының үкімімен сотталушы Г.С. ҚР ҚК-нің 273 бабымен кінәлі деп танылып, бұрын сотталмағаны, асырауында жас балаларының бар екені, істеген қылмыстық әрекетіне өкінетіні, яғни жеңілдететін мән-жайлар ескеріле отырып 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0