суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

ОҚО-да 3 мыңға жуық жан жат ағымның жетегінде жүр – И.Тасмағамбетов

Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кеткендерің саны үш мың адамға жуықтайды. Алайда, олармен терең жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдар өңірде жоқтың қасы. Бұл туралы бүгін Астанада өткен 7-ші Азаматтық форумда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.

«Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңға жуық тыйым салынған діни ағымдардың ізбасарлары бар. Алайда, аталған облыста тек бір ғана үкіметтік емес «Нұр-Мұра» ҚБ ұйымы дін саласында кеңес беру және оңалту мәселесімен айналысады»,  деді Тасмағамбетов радикализм проблемасы жайында сөз қозғап.

Бұдан бөлек вице-премьер діннен адасқандармен үкіметтік емес ұйымдар аралсу керектігін де қадап айтты. Өйткені, діни ағымдардың жетегінде жүргендерді оңалту маңызды.

«Дерадикализация – бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірігіп, барынша күш салып жұмыс істейтін сала. Бүгінде тек 22 қоғамдық ұйым дін саласында кеңес беру және оңалту көмегін көрсетумен айналысады. Бұл жалпы, ҮЕҰ санының 0,12 пайызы ғана», деді ол.

Вице-премьердің ресми статистикалық мәліметі бойынша елде 15 мыңға жуық адам діни жат ағымдарды қолдайды. Бұған қарамастан, тек Астана, Көкшетау, Қарағанды, Таразда ғана екіден көп орталық жұмыс жасайды, Петропавлда бірде-бір оңалту орталығы жоқ екен.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жат ағымдар қатарында жүрген жастарды оңалту жұмыстарымен Дін істері басқармасының жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ айналысып келеді. Орталық мамандары аудан-қалалар мен шалғай ауылдарды аралап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері барлық мектептер мен колледждерде және жоғары оқу орындарында жастармен кездесулер өткен.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0