воскресенье, 5 января 2025 г.
icon
525.11
icon
546.74
icon
4.88
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қазақ даласынан шыққан дін ғұламаларының атына кір келтірмеуіміз керек – имам

Қазақ даласынан талай дін ғұламаларының шыққаны белгілі. Олар бізге ислам дінінің дәстүрлі жолын қалдырған. Біз енді сол жолдан адасып, бабалардың атына кір келтірмеуіміз керек. Бүгін Түркістанда өтіп жатқан «Дін бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров осылай деді.

Айта кетейік, осынау іс-шараға қазақстандық ғалымдаржан бөлек түркі тілдес елдердің дін мамандары, қоғам қайраткерлері мен жас ғалымдары келіп, Орта Азиядағы терроризммен күрес мәселелерін талқылауда.

Жиын барысында сөз алған М.Естеміров қазақ даласындағы дін мен дәстүрдің сабақтастығына ерекше тоқталып өтті.

«Қазақтың киелі топырағынан қаншама ғұламалар шықты. Мәселен, аты әлемге мәшһүр, екінші ұстаз атанған әл-Фараби, ақын-шайыр, сопы Қожа Ахмет Иассауи, атақты ғалым Сүлеймен Бақырғани және тағы басқалары. Олар үлкен ғалым болумен қатар барлығы да діннің аса білгір маманы болды. Біз өскелең ұрпақ осындай ұлы адамдардың жерлесі болғандықтан олардың атына кір келтірмеуіміз керек», - деп атап өтті бас имамның орынбасары.

Бұл ретте айта кету керек, елімізде осынау ғалымдардың еңбектерін және ғылымын жоққа шығарып, олардың қалдырған дәстүрлі ислам жолын терістейтін кереғар діни ағымдар қаптап кетті. Әсіресе, сәләфилік-уахабилік иедологияны қолдаушылар осынау ғұламаларды адасқандарға теңеп, халықты халифатқа бірігуге шақырып жүр. М.Естеміров осындай жат ағымның жетегінде жүргендерге «есің барда елің тап» дегенді ишаралады.

Айта кетейік, конференция жұмысы әлі жалғасып жатыр. Отандық және шетелдік ғалымдар ислам дінінің артықшылықтары мен діндегі дағдарыс жайында пікір алмасуда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0