вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Биыл ОҚО-да дін саласына бөлінген қаражат 170 млн теңгені құраған

Биыл Оңтүтік Қазақстан облысында діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге 170 миллион 113 мың теңге бөлінген. Аталған сома алдыңғы жылмен салыстырғанда 43 миллион теңгеге артық. Бұл туралы ОҚО Дін істері басқармасының баспасөз қызмет хабарлап отыр. Яғни, бұл жыл өткен сайын дін мәселесінің өзектілігі арта түскендігін көрсетеді.

Басқарманың ресми сайтында хабарланғандай, өңірде жыл сайын экстремизммен және терроризммен күрес жұмыстары күшейтіліп келеді екен.

«2016 жылға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға облыстық бюджеттен  170 113,0 млн. теңге жоспарланып отыр. (2015 ж. – 127 128,0 млн.теңге). Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жергілікті қала, аудандардың бюджеттерінен 65,5 млн.теңге жоспарланып отыр. (2015 жылға 49,5 млн.теңге қаралған еді.)», - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Айта кетейік, аталған басқарма жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі облыс аумағындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен айналысып келеді. Атап айтқанда, мекеме қызметкерлері аудан-қалалар мен шалғай ауылдардың барлығына барып, деструктивті діни ағымдардың залалы туралы түрлі баяндамалар оқыған және кітапшалар таратып, бейнероликтер көрсеткен.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылы басталысымен дін мамандары облыс аумағындағы мектептер мен колледждерге, жоғары оқу орындарына барып, жастар арасында алдын алу шараларын жүргізуде.

Сондай-ақ, мекеме мамандары ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігімен бірлесе өңірдегі түзеу мекемелерінде болып, жазасын өтеушілермен де кездесулер өткізді. Діни көзқарасы үшін сотталғандар мен түрмеде жатып дәстүрлі емес ислам ағымдарын қабылдаған сотталушыларға салафилік-уахабилік ағымның залалы туралы айтылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0