пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

ОҚО-да дінтанушылар студенттермен кездесу үшін жатақханаларына барды

ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары Шымкенттегі М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  № 4 жатақханасының студенттерімен кездесті.

Аталған орталықтың «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің дінтанушысы Б.Омарбаев жастарға оқыған баяндамасында кереған діни ағымдардың залалы мен олардан сақтанудың жолдарын айтып берді.

«Ислам деген сөздің өзі "тыныштық", "амандық", "бейбітшілік" деген мағыналарды білдіреді. Әрбір мұсылман бір-бірімен амандасқанда  "Ассаламу алейкум" "Саған Алланың тыныштығы болсын!" деп тілейтіні баршамызға мәлім. Ислам діні мейірім мен рақымнан, жылылық пен жұмсақтықтан тұрады. Қасиетті Құранда кісі қанын мойнына жүктеп өмірін қию, бүкіл адам баласын түгел қырып тастаумен тең саналатын өте ауыр күнә екені айтылады. Исламда адам өлтірмек түгілі жан-жануарды қинауға, тіпті адам баласын ренжітуге тыйым салады. Адам өлтіру, қалаларды қирату, ғимараттарды өртеу, үйлерге жарылғыш заттар қою, жазықсыз жанға қару кезену- ешбір дәуірде Ислам діні бұйырған істер емес. Қазіргі таңда лаңкестік іс-әрекеттерге барған қанішер тобырлардың ісіне "Ислами" деген атауды жапсыруға болмайды. Өйткені олардың жасап жатқан іс-әрекеттері Ислам шариғатының ешбір қағидасына сәйкес келмейді. Тіпті, әлемге танымал ғалымдардың өзі олардың істерін айыптап, қаралап, жоққа шығарғандығын ашық білдірген», - деп атап өтті дінтанушы-ғалым өзінің баяндамасында.

Мұнан кейін Б.Омарбаев студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, орталық басып шығарған арнайы кітаптарды таратты. Сондай-ақ, жастарға деструктивті діни ағымдар туралы әзірленген видероликтер көрсетілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0