пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша өткен Үкімет отырысы барысында  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды.

Премьер-Министр ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет алдында Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүргізу бойынша міндет қойып отырғанын атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажет. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бес негізгі басымдықты атады. 

Бірінші басымдық – бұл экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту. Бұл тұста басты мақсат дәстүрлі секторлар мен қызметтер тоғысында цифрлық технологияларды қолданумен жаңа индустриялар құру болып табылады.

«3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, өнеркәсіптік ғаламтор, кәсіби қызмет саласындағы сандық сервистер тәрізді перспективалы салаларды дамыту туралы болып отыр. Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдердің жылдам таралуы бүгіннің өзінде аталған салаларды реттеуде жаңа талаптар қойып отыр. Осы мақсатта Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеп, біздің заңнамамызды IT-технологияларды дамыту үшін ынталандыруға бейімдеуді тапсырды», - деді Б. Сағынтаев.

Осы орайда Премьер-Министр Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аталмыш бағдарламаның әзірленуін және заңнамалық өзгерістерді дайындауды жеделдетуді тапсырды. 

Сонымен қатар Б. Сағынтаев 2020 жылға дейін ауылдарды талшықты-оптикалық желілерге қосу мәселесін ерекше бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Премьер-Министрдің айтуынша, инновацияларды қолдау және оларды өндіріске жылдам енгізу де өзекті болып табылады. Осыған байланысты ЭКСПО-ның инфрақұрылымдық базасында халықаралық IT-стартаптар технопаркін құру қажет.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0