Бүгін «Көкшетау-Шымкент» бағытында жаңа әуе рейісі ашылды. Алғашқы рейспен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин бастаған топ Шымкент әуежайына табан тіреді, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Делегаттарды арнайы күтіп алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа бағыттың екі облыстың сауда-экономикалық қатынастарының нығаюына, туризм саласының қарқынды дамуына септігін тигізетіндігін жеткізді.
«Еліміздің Оңтүстігі мен Солтүстігін жалғайтын әуе кеңістігінде алтын көпір орнатылып отыр. Бүгінгі күннен бастап, аптасына 2 рет жиілікпен «Шымкент-Көкшетау» әуе бағыты бойынша аптаның жұма, жексенбі күндері әуе рейстері орындалатын болады. Еліміздің мақтанышы саналатын Бурабай демалыс аймағына еліміздің ғана емес, шетелдің де қызығушылығы өте жоғары. Бұдан былай облыс тұрғындары Бурабайға «Шымкент-Көкшетау» әуе бағытын пайдалана отырып, баруына үлкен мүмкіндік пайда болды», —деді Жансейіт Түймебаев.
Сонымен қатар, облысымыздың Түркістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Қасқасу сияқты туристік аймақтарына Ақмола облысынан туристердің әуе бағыты арқылы келуіне мүмкіндік туып отыр. Жалпы, «Шымкент-Көкшетау» әуе бағыты 2 облыстың алдағы уақытта қарыштап дамуына өз септігін тигізетін болады.
Тасымалдауға арналған ұшақ түрі канадалық CRJ-200. Жол жүру бағасы - 20 мың теңгені құрайды. Қазірдің өзінде «Шымкент-Көкшетау» бағытын жандандыру мақсатында, қос қалада да халықтың көп шоғырланатын орындарында жарнамалар орнатылған.
Оңтүстікке іссапары барысында көкшетаулық делегация басшылығы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі екі жақты ынтымақтастықты арттыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, Шымкент пен Көкшетау қалалары арасында байланыс орнату және «Шымкент» ӘКК ҰҚ мен «Есіл» ӘКК ҰҚ арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы, «ENKI» ЖШС мен ОҚО құрылыс басқармасы өзара меморандум түзді. Келісімдер екі облыс арасындағы қаржылық даму мен ынтымақтастық байланысты күшейтуге бағытталған. Мәселен, «Көкшетау минералды су»АҚ мен Шымкенттік «Азамат» ЖШС өңіраралық кооперация аясында 2 млрд. тенгенің өнімін тасымалдау туралы меморандумға қол қойды.
Түс ауа Ақмола облысынан келген арнайы делегация мүшелері Шымкенттегі бірқатар нысандар – «Фронт Офис», «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын, «Шымкент» ӘКК» АҚ-ын, «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен еркін экономикалық аймағы сынды маңызды нысандарды аралап, көрді.
-
Беременную с кровотечением госпитализировали только после резонанса07.02.2023, 10:50Казахстанская исполнительница Данэлия Тулешова снова в популярном американском шоу07.02.2023, 19:45Французский журнал высмеял землетрясение в Турции07.02.2023, 17:16Ребенок родился под завалами в Сирии07.02.2023, 10:24Фашистами назвали алматинок, попросивших меню в кафе на казахском языке07.02.2023, 11:59«Спокойным тоном сообщила, что убила»: Пятиклассница напала на сверстницу с ножом07.02.2023, 19:14
-
13:00Сирия осталась одна? Голод, разруха, а теперь - землетрясение12:45Нужны столетия, чтобы насытить авторынок – эксперт о льготном кредитовании12:30Снежные и морозные дни прогнозируются в Казахстане12:16Брат пропавшего казахстанца в Турции: «На связь не выходят еще несколько человек»12:02Почти на 40 тыс возросла средняя зарплата в Казахстане11:48Түркияда тұрып жатқан Алуа Қонарова табиғи апатты Алланың белгісі деп санайды11:34Причастный к террористам лжепропроведник продвигал контент на YouTube11:20Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»11:06Фура,автобус и еще 6 машин столкнулись на трассе Алматы-Бишкек10:52Три парня изнасиловали павлодарку. Им вынесли приговор10:38Еще один борт с казахстанскими спасателями вылетает в Турцию10:24Брендовое нижнее белье шьют в колонии Петропавловска10:10Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции09:56Головкин отказался от титула чемпиона мира − СМИ09:42Снова возросло число заболевших КВИ казахстанцев