«Соңғы үш жылда облысымыздағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін дамытуда мемлекеттік-жеке әріптестіктік негізінде жеке кәсіпкерлердің қосқан үлесі зор. Егер соңғы 10 жылда мемлекет 37 балабақшаның ғана құрылысын жүргізген болса, жеке сектор соңғы 3 жылдың өзінде 380-нен астам балабақша салды. Бүгінгі күні балабақшалардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс жасайды. Айтқандай, Қызылорда облысының білім саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің осы оң тәжірибесін Мемлекет басшысы биылғы өз Жолдауында атап өтті», — деп хабарлады басқарма басшысы.
Естеріңізге салып өтейік, Мемлекет басшысы биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында республикамызда жекеменшік балабақшалардың саны бойынша үздік аймақтардың ішінде Қызылорда облысын атады.
«Біз алдағы уақытта осы көрсеткішті тұрақты ұстап, ендігі жерде 1 мен 3 жасқа дейінгі балаларды бөбекжайлармен қамтуды басты назарда ұстайтын боламыз», — дейді Б.Сайлыбаев.