среда, 24 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Қызылорда облысы ҰБТ өткізуге дайын

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру» - деп атап өтті. Қызылорда облысында жастардың жарқын болашағы үшін, яғни олардың сапалы білім алып, қалаған мамандықтарын игеруіне барлық жағдай жасалып отыр.

Бүгінде, мектептерде өтетін мемлекеттік бітіру емтихандары толығымен аяқталды. Бітірушілердің 81,2 %-ы емтихандарын «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға тапсырды. 397 түлек мектепті «Алтын белгімен» бітіріп отыр. 12 маусым күні барлық мектеп бітірушілерге орта білім туралы аттестаттары мен «Алтын белгі» белгісін тапсыру салтанаты өткізілді.

2017 жылғы аймақтағы 6196 орта мектепті бітірушілердің 4194-і ҰБТ-ге қатысуға өтініш берген яғни 67,7 %-ы.(өткен жылы 68,2 % қатысқан). Қызылорда облысы білім басқармасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда тиісті құзырлы мекмелермен байланыста болып, бірлескен шаралар ұйымдастырылуда. Барлық мекемелерге нақты мәліметтер базасы жинақталып, хаттар жолданылды. Мектеп бітірушілерге  аудиторияға кіруге рұқсат қағаздары таратылған. Алдағы қалған уақытта ҰБТ-ге қатысушы бітірушілерді толыққанды жабдықталған тестілеу пункттерінде сынама тесттен өткізу жоспарлануда.

Мектеп бітірушілердің тасымалданатын көлігін анықтау үшін, тамақтанатын және жатын орындарына мемлекеттік сатып алу процесі жүргізілуде. Оған тиісті қаржысы толық қаралған.Ұлттық бірыңғай тестілеу пункттері толыққанды жабдықталған. Олардың жанында ата-аналардың күтіп отыру көлеңкелері ұйымдастырылуда. Жалпы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің дайындық жұмыстары жүйелі, жауапты атқарылуда, - деп мәлімдеді басқарма басшысы Бақытжан Сайлыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кестесі бүгінгі күні Білім және ғылым министрлігімен бекітілді. Кестеге сәйкес Қызылорда қаласында 2 тестілеу пунктінде 20, 22 маусым күндері, Қармақшы ауданында 20 маусым күні, қалған аудандарда ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусым күні өтеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0