пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Еліміздегі қыш-құмыра жасау ісі Сыр бойынан басталған

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында ел экономикасын қарқынды дамыту мақсатында жергілікті және сыртқы туризм саласын дамыту жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, қасиетті Сыр өңірінде шетелдік қонақтарды қызықтыратын сырлар жетерлік. Мәселен, Қызылорла облысының Қармақшы ауданында орналасқан Шірік-Рабат қалашығының маңында көзешілердің ауылы табылды, деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Еліміздегі ең алғаш қыш-құмыра жасау ісі Сырдарияның бойында басталған. Біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың орта кезеңінде сақтар мекендеген Шірік-Рабат қаласын зерттеуші ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Оған себеп көне қала маңынан көзешілердің ауылының табылуы. Қыш ыдыстар өндірген шеберлер ауылы Шірік Рабат қалашығынан 40 шақырым жерде жатыр. Аумағы 3-4 гектарды құрайды. Археологиялық зерттеу барысында әзірге 11 пештің және тұрғын үйлер мен шеберханалардың орны табылып отыр.Бүгінгі күні 6 қыш күйдіретін пеш пен шеберхана толықтай ашылды. Сонымен қатар үй-жайлардың орнынан астық сақтайтын ірі көлемдегі ыдыстар қазылып алынды. Табылған пештер төрт бұрышты және домалақ. Олар екі ярустан тұрады, ішіне оттық салғанда үстіне қыш ыдыстарын қойып, күйдірген. Археологтар Шірік-Рабат қалашығы аумағынан табылған цитадель – бекініс орнын да зерттеуде. Бұл жерде көне шаһарды мекендеушілердің тұрмысы мен ғұрпын танытатын құнды жәдігерлер жеткілікті.

Айта кетейік, Арал маңындағы бірқатар тарихи ескерткіштерді 1946 жылдан бастап Хорезм археологиялық-этнографиялық эспедициясы зерттеген. Алайда 90-шы жылдары тұралап қалған бұл жұмыс 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қайта жанданған болатын.

Анықтама үшін: Шірік-Рабат – көне қаланың орны. Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде, Жаңадария арнасының сол жақ жағалауындағы ең биік төбенің үстіне орналасқан шамамен б.з.б. 4–2 ғасырлардағы қала.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0