пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Қызылордада медицина қызметкерлері күні аталып өтілді

17 маусымда Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара болып өтті, деп хабарлайды  ИА «NewTimes.kz». Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың  жоғары жетістіктерін атап өтті.

«Атқарылған жұмыстың нәтижесі көрсеткіштермен бағаланады.  Өңірімізде  өмір сүру ұзақтығы 71,9 жасқа жетті. Ана өлімі 86,6 пайызға, сәби өлімі 2,5 есеге төмендеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастану мен өлімі 6 пайызға, қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі 8,4 пайызға, туберкулез 10,3 пайызға азайды.  Жасыратыны жоқ, осыдан бір-екі жыл бұрын республикалық көрсеткіштердің алдыңғы орындарын бермей келдік. Қазір ана мен сәби өлімі көрсеткіштері бойынша республикада 9 орынға тұрақтадық. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында құтқарылған жүздеген, мыңдаған өмірлердің дәлелі», — деді аймақ басшысы.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев  медицина саласының ең үздік қызметкерлерін марапаттады.  

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0