четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Шымкентте шығарылатын «3D шұлықтары» сұранысқа ие болып отыр

Түсқағаздағы, тоқыма бұйымдарындағы «3 D» өрнек қай елдің нарығында болмасын, мықты сұранысқа ие болғаны анық. Осыны ескерген шымкенттік фабрика «3 д» нәскилерін шығаруда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Шұлық – кез-келген адамның гардеробында болатын киімнің ең көп тараған түрі. Ол – сапалы, сәнді және ыңғайлы болуы керек. Елімізде осындай шұлықтар шығаратын ең үлкен зауыт – Шымкент қаласында орналасқан. «Әлем БТ» ЖШС – айына шұлықтың 2 млн. жұп данасын шығарады.

Өндіріс орны 2015 жылдың желтоқсан айынан жұмыс істейді. Ол «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында іске қосылған. Ашылғанына небәрі 1 жыл өтсе де, күн сайын тірлігі жанданып, өнім түрлері жаңарып келеді. Биылдан бастап, кәсіпорын «3D» өрнегімен шұлықтар шығара бастаған.

«Басында біз қарапайым, бір түсті шұлықтарды шығардық. Ал, қазір эксклюзивті, қайталанбас дизайндармен шығарып жатырмыз. Жаңа команда жинадық. Олар сурет салып, өздерінің ұсыныстарын білдіреді.  Ең бастысы, бұл жерде – біздің сапамыз. Төзімді, шыдамды және аяқты терлетпейді. Денсаулыққа пайдалы», — дейді «Әлем БТ» ЖШС-нің атқарушы директоры Аслан Ибадуллаев.

Кәсіпорын шұлықтары 100 пайыз мақта өнімінен жасалады. Синтетикалық қоспасы жоқ. Лайкраның өзі шұлықтың тез тозбауына септеседі. Өнім Оңтүстік Кореядан әкелінген 230 қондырғыда тоқтаусыз тігіледі. Ал, мамандар автоматтандырылған құрылғы дайындап берген шұлықтың мінсіз сапасын қадағалайды.

Еліміздегі ең қуатты зауыт «Әлем БТ» ЖШС-і жылына 20 млн. жұп шұлық шығарады. Шикізатқа оңтүстік мақтасы жарайтындықтан, тауардың құны қымбатқа түспейді. Сапасы жоғары, бағасы төмен өнімге шет елдерден сұраныс көп. Бүгінде 25 пайызы Оңтүстік Кореяға экспортталса, жақын күндері Германия мен Польшаға да жол тартады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0