суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Шымкент макароны мен күлшесі көрші елдерге экспортталуда

Шымкенттегі «Барыс-2007» серіктестігі өз өнімдерін шетел нарығына шығаруда. Кәсіпорын тұтынушыларға макарон өнімдері менкондитерлік тәттілерін ұсынады. Қолжетімді бағадағы өнімдер әлемдік брендтерден еш кем түспейді.

Фабрика 3 жыл бұрын «Алтын сапа» байқауын жеңіп алған болатын. Содан бері мұндағы өнім сапасы сыннан сүрінген емес. Халыққа ас атасын үзіліссіз ұсыну үшін 230 адам еңбек етеді. Кәсіпорын шығарып жатқан макарон өнімдері Қазақстанның түпкір-түпкіріне тарайды. 3 бірдей желі тоқтаусыз жұмыс істейді. Тәулігіне 110-115 тонна өнім өндіреді.

2014 жылы өндіріс орны маңынан арнайы кондитерлік фабрика іске қосылған. Дәмі тіл үйіретін тәттілердің рецептісін мұндағы мамандар бірлесіп, өздері жасайды. Ұнның да сапалысы таңдалады. Өйткені, қамырдың илеуі қанбаса, тәттілердің пішіні өзгеріп, қатып қалуы мүмкін. 

Алғашқы кезеңде кәсіпорында печеньенің 16 түрі шығарылса, қазір өнімнің түрі жиырмаға жеткен. Бүгін­де цехта итальяндық «Имафорни» компаниясының үздік желісі іске қосылған. Бұл желі жоғары сапалы, әрі пішіні мен дәмі тұтынушының көңілінен шығатын кондитер өнімдерін шығаруға мүмкіндік беріп отыр.

Мемлекет қолдауының арқасында аяқтан нық тұрған кәсіпорынның сапалы өніміне деген  сұраныс артып, табысы көбейген. Отандық өнімді іргелес жатқан қырғыз, тәжік және түркімен кәсіпкерлері де өз елдерінің нарығына шығаруда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0