среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Ақтау қаласының әкімі халық алдында есеп берді

Ақтау қаласы әкімі Серікбай Трұмов биылғы жылдың 4 айы ішінде атқарылған істер, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, жүктелген міндеттер мен тапсырмалар орындалысы туралы баяндап, халық алдында есеп берді.

Нақты деректерге сүйенсек, Ақтау шаһарында 186 мың 546 адам тұрады. Қаланың бас жоспары 2012 жылы Үкіметпен бекітілген. Қазіргі таңда қала аумағы солтүстік-батыс бағытқа ұлғайып келеді. Бүгінде жаңа 16 шағынауданның егжей-тегжейлі жоспары жасақталған. Сонымен қоса алдағы уақытта аумағы 865 га жер көлемін құрайтын 13 шағынаудан жоспары жасалады.

«Былтыр қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 175 млрд. 400 млн. теңге көлемінде өнім өндірді. Соңғы 4 айда 60 млрд. 100 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Ауыл шаруашылығы саласы соңғы көрсеткіш бойынша 31 млн. теңгені құрайтын өнімге қол жеткізді. Негізгі капиталға инвестиция салу төрт ай ішінде 20 млрд. 800 млн. теңге көлемінде болып отыр. Әрине, былтырмен салыстырғанда біршама төмен», — деді қала әкімі.

Өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы қала аумағында қызмет ететін кәсіпкерлер жұмысына бақылау жасап, инвестиция көлемін ұлғайтуды міндеттеді. Мекемелермен жұмыс істеп, инвестиция құю қарқыны бәсеңдеуінің нақты себеп-салдарын анықтауды және осы сауалды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Құрылыс жұмыстары бойынша есепті мерзім ішінде 10 млрд. 900 млн. теңге игерілді.  95 мың 400 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы жыл соңына дейін 300 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады.

«Орта кәсіпкерлік саласы бойынша тіркелеген субьектілердің саны 1,9 пайызға өсті. Мұнда жұмыспен қамтылғандар экономикалық белсенді халықтың 63,5 пайызын құрап отыр. Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлік нысандарда жұмыспен қамтылғандар саны — 700 мың 900 адам. Бұл көрсеткіштер жақсы  деп есептеймін. Өткен жылы қала аумағынан 221 млрд. теңгені құрайтын  салық түсті. Ал биылғы жылдың 4 айы ішінде 72,5 млрд. теңге салық түсімі түсті. Былтырмен салыстырғанда 7 пайызға өсім бар. Орташа айлық көлемі 6,8 пайызға өсті. Қалай бойынша айлық көлемі 258 мың теңгені құрап отыр.  4 ай ішінде 3 755 жаңа жұмыс орны құрылды.  Биыл жалпы саны 11 100 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған», — деді Серікбай Трұмов.

Сонымен қатар жиында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Клара Әбдіғаппарқызы екі емхана толық жүктемемен жұмыс істеуіне байланысты, үшінші емхана салу жобасы жүзеге асатындығын мәлімдеді. Бір мезгілде 500 науқасты қабылдауға қауқарлы емхана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында бой көтереді. Емхана 34-шағынауданда, «Ана мен бала орталығы» жанынан салынады. Инвестор анықталысымен, құрылыс жұмыстары тамыз айында басталады.

«Қазіргі таңда 33-шағынауданда 670 пәтерлі үш үйдің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы 2018 жылы пайдалануға беріледі. 34-шағынаудандағы 60 пәтерлі 4 үй биыл іске қосылады. «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы 17-шағынауданда 600 пәтерлік 10 үйдің құрылысы жүруде. Осы жылы жүзеге асады деп жоспарланған. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ арқылы 478 пәтерлі 12 үйдің және «Самұрық -Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» тапсырысымен 32-шағынауданда 812 пәтерлік 15 тұрғын үйдің құрылысы іске асуда. Аталған жобалар тұрғындарды үймен қамтамасыз етуге өзіндік септігін тигізеді», — деді қала әкімі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0