вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Маңғыстауда екі автобекет салынады

2020 жылға дейін облыста екі автобекет салынады. Мұны Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Тұрбек Спанов мәлімдеді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Сондай-ақ, 1 автовокзал, жолаушыларға қызмет көрсететін 14 бекет пен 22 такси тұрағы да тұрғызылады. Биыл аймақтағы автомобиль жолдарының құрылысына және қайта жаңарту жұмысына 1 милиард 83 милион теңге бөлінген. Бұл қаржыға «Қияқты-Тұщықұдық», «Ақтау-Қаламқас» және «Таушық-Шетпе», «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автомобиль жолдары жөнделеді. Оның екеуінің қаржысы республикалық бюджеттің еншісінде.

«Республикалық трансфертке салынуға 2 нысан таңдап алынып отыр. Біріншісі «Қияқты-Тұщықұдық» автомобиль жол. Оның 23 шақырымы графильді жол. Екіншісі нысан ол Ақтау-Таушық бағытындағы жолдың су өткізбейтін құрылымдары», — дейді Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Тұрбек Спанов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0