суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Астананы газдандыру жұмыстары қасиетті Сыр елінен бастау алады – Қырымбек Көшербаев

Қызылорда облысында пайдалануға берілген  «Қараөзек» компрессорлық станциясы болашақта Астана қаласын және еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыруға   мүмкіндік береді, деп атап өтті бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев  жаңа станцияның салтанатты ашылу рәсімінде, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Ең маңыздысы, «Қараөзек» станциясының құрылысы елордамыз Астана қаласын және солтүстік өңірлерді алдағы газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Болашақта елорданы газдандыру жұмыстары қасиетті Сыр елінің жерінен бастау алады. Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Мемлекет басшысының бізге жасаған тікелей қамқорлығы. Аталмыш станцияның іске қосылуы газ саласы қызметкерлерінің Астана күніне жасаған сыйы», — деді облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа компрессорлық стацияны іске қосу салтанатында сөйлеген сөзінде.   

Жаңа станцияның мүмкіндігі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырының өткізгіштік қабілетін 10 млрд.текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Газ құбырының жалпы ұзындығы – 1534 шақырым, оның 180 шақырымы Қызылорда облысы аумағынан өтеді. Жобаның 1-ші кезеңінде Астана қаласы, Қарағанды облысы және Ақмола облысының оңтүстік аудандары газдандырылмақ.

Атап өту керек,  Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» Акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандумға сәйкес 4 ауданның орталығы (Арал, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған) және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату станциялары мен ішкі газ құбырларының құрылыстары жүргізілді. Бұған жалпы сомасы   23 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қызылорда облысында жоғары технологиялық «Қараөзек» газ компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді. Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті Қайрат Шәріпбаев қатысты.

«Қараөзек» компрессорлық станциясы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан 944 шақырымда орналасқан, осы жылғы сәуірде Ақтөбе облысында пайдалануға енгізілген «Бозой» станциясынан қосарлы жұмысқа есептелген.  

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0