суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Қызылорда облысында 1500 жұмыссыз жас жоғары сұранысқа ие мамандықты алады

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін жаппай тегін кәсіби білім берілетінін атап өтті. Осыған орай Қызылорда облысында атқарылған жұмыстар аз емес.

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қызылорда облысының 15,5 мың тұрғыны (оның ішінде 99,2% жұмыссыз) биыл жұмыспен қамту орталықтары арқылы мемлекет көмегіне жүгінді (елімізде орташа алғанда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушылардың арасындағы жұмыссыздар үлесі 84,3%-ды құрайды)

Жәрдемге мұқтаждардың қатарынан 11,1 мың азаматқа (71,6%) мемлекеттік Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыруға ықпал ету шаралары көрсетілген. Оның ішінде 5,3 мың адам немесе 47,8%-ы тұрақты еңбекпен қамтылған.

Бағдарлама қатысушыларын техникалық-кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы, техникалық және кәсіби білім бағытында 1 515 адам көлемінде кадр даярлау әрі 3 518 адам тұрғысында қысқа аралықтағы оқыту ұйымдастыру жоспарланған.

Облыста қажеттілік бар 30 жұмысшы мамандық пен кәсіпке оқыту жөнінде 20 колледж бен кәсіптік мектеп белгіленген. Барлығы, Қызылорда облысында, жедел топтардың іс-қимылы нәтижесінде Бірыңғай ұлттық тестілеуден өте алмаған, сондай-ақ, кәсіби білімі жоқ жастар санатынан 1,5 мыңға жуық адам есепке алынды. Олар оқуын үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде бастамақ.

Аумақтық жұмыспен қамту орталықтары арқылы 505 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызып, жастар тәжірибесіне 905 оқу орны түлегін жіберу жоспарланып отыр. Биылғы 22 маусым күні облыста 584 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылып, жастар тәжірибесіне 849 адам жолданған.

Жаппай кәсіпкерлікті өркендетуді мемлекеттік демеу шеңберінде, 24 маусымға дейін Қызылорда облысында 16 шағын несие берілген.

Кәсібін енді қолға алған адамдар үшін, “Бастау-бизнес” жобасы аясында, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде. Бүгінде жобада 394 адам қамтылып (жоспардағы 937 адамнан 43%), олардың барлығы айлық оқыту курстарын тәмамдады.

Ел бойынша «Бизнес-Бастау» жобасында 5,9 мың адамның 5,5 мыңы оқуын аяқтады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0